«Сұлулықтың бағасы»: Косметологтың қызметіне жүгінген келіншектің беті ісіп кеткен

«Сұлулықтың бағасы»: Косметологтың қызметіне жүгінген келіншектің беті ісіп кеткен

Алматы тұрғыны косметологтар қызметіне жүгінемін деп бармағын тістеп қалды.

Айтуынша, тура жаңа жыл қарсаңында жарнамасы жер жарып тұрған косметологты тауып, бетін ылғалдандыратын екпе салдырыпты. Бірақ күн өтпей-ақ өкінген. Өйткені препарат кері әсер етіп, беті дуылдап, ісіне бастаған.

Әйел бірден беті мен мойынына дәрі еккен маманға хабарласыпты. Ал ол уайымдамаңыз, бәрі дұрыс, екі-үш күнде жазылады деп басу айтқан. Алайда одан бері үш ай өткен екен. Ісік те, қып-қызыл дақ та толық кетпеген.

Майра Алдамжарова терісін жасартпақ ниетпен тұп-тура жаңа жыл қарсаңында косметолог іздеуге кірісіпті. Сөйтіп, әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарып тұрған маманды тапқан. Қабылдауына жазылған. Келісілген күні барып, беті мен мойынына арнайы препаратты салдырыпты. Айтуынша, екпе бір күн ішінде теріге сіңіп кетуі керек. Өйткені бұған дейінгі дәл осындай ылғалдандырудың нәтижесі солай болған. Бірақ бұл жолы сіңбей, қайта ине тиген жердің бәрі түйін-түйін боп қатып қала берген. Сосын алаңдап, бірден косметологқа хабарласыпты. Ол кішкене уақыттан соң сіңіп кетеді деп сендірген. Бірақ түк те өзгермеді, дейді Майра.

МАЙРА АЛДАМЖАРОВА, қала тұрғыны: – Препарат был браковонный. Білмеймін. Мен бір жылдан бері ол препаратпен жұмыс істеп жатырмын. Ешкімде мұндай болмаған дейді. Егуге арналмаған препарат, может сыртқа, тек беттің сыртына қолданатын препаратты шатастырып егіп жіберуі мүмкін деген. Майра алғашында ісінген бетін бүркеп, қызыл даққа толы мойнына орамал тағып, жұмысына барып жүрген. Бірақ кейін бір мезгіл көшеге шығуды да қойыпты. Біз де келіншек екпе салдырған орталыққа келдік. Алайда косметолог орнында жоқ боп шықты. Маман Майраға екпе салғанын растады. Бірақ демалыс болғандықтан жұмысқа келе алмайтынын айтты. Ал Майра 17 қаңтар күні полиция басқармасына арыз жазып қалдырған. Келесі күні сараптама да жасатыпты. Бірақ белгісіз себептерге байланысты екі айдан бері жауабы шықпады деп налиды. Департамент өкілдері болса сараптама қорытындысы ертең қолына табысталады деді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі: – Арыз негізінде сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі дайын болды. Соттың қорытындысы азаматшаның өзінің қолына тапсырылды. Осы қорытындысын негізге ала отырып, азаматша Алдамжарова сотқа жүгінуіне болады. Заңгерлер егер кісі дәрі не дәрігерден күдіктенсе, алдымен фармацевтикалық бақылау комитетіне шағымданып, тек соның негізде полицияға арыз тастау қажет дейді.

ҒАБИТ ӨМІРБЕК, заңгер: – Ауыр деңгейде болса, денсаулығына келтірілген зиян онда 3 жылға дейін бас бостандығын шектеп немесе айырады. Не болмаса 3000 АЕК дейін айыппұл салынады. Министрлік өкілдері де кез келген косметологтан бірінші кезекте сертификатын сұрап, танысып алған абзал дейді. Тек содан соң ғана ем-дом жасатуға кеңес береді. Майра да ақырына дейін күресемін дейді. Өйткені толық ем бір жылға созылуы мүмкін. Сол үшін осындай хәлге душар еткен косметологтан бүкіл ем-дом шарасын мойнына алуды талап етіп отыр.

Дереккөз: "Информбюро" бағдарламасы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста