Шүкеев "Қазпоштаның" кадрлық құрылымын сынға алды

 "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат Қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев "Қазпошта" АҚ-ның директорлар кеңесі, акционерлері және қызметкерлерімен өткен кеңесте компанияның кадрлық саясатын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сіздерде ішкі құрылым тым ауыр. Төрт орынбасар, бір қаржы директоры, неше түрлі қызметтердің топ-топ басшылары, 20-ға тарта департамент. Бұл не деген сұмдық? Тіпті пошта қызметі адамдарды жұмысқа қабылдайтын ұйымға айналған тәрізді. Бұлай болуға тиіс емес. Біз трансформацияға барамыз десек, онда дұрыс кадрлық саясат керек, онсыз ештеңе де шықпайды" - деді Өмірзақ Шөкеев.

Бұл ретте Қор басшысы қазірде "тереңдету жұмысы басталғанын", жұмыс барысында кім кем тұсымен көзге түссе сол "қысқартылатынын" атап өтті. "Осыған байланысты мен басқарма басшысына да директорлар кеңесіне де толық карт-бланш яғни әрекет етуде еркіндік беремін. Олай болмаса біз ештеңе де істей алмаймыз" - деді ол.

Сондай-ақ Шүкеев алдағы уақытта табыс деңгейін арттыру, жаңа жобаларға қаражат салып, мекеме қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін компания филиалдардың ауқымды желісін пайдалану тәсілдері тәрізді трансформациялардың барлығы директорлар кеңесі арқылы шешілетінін де баса айтты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста