СҚО-да жалған диплом жасатқан 80 адам ұсталды

СҚО-да жалған диплом жасатқан 80 адам ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында жалған дипломмен жұмысқа орналасу фактілері жиілеген. Арнайы тексеріс жүргізген облыстық прокуратура бір жылда 80 деректің бетін ашты. Жалған құжатты сатып алушылардың басым бөлігі білім беру саласында еңбек етіп келген, деп хабарайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

 
«АЙ САЙЫН 6 ДИПЛОМ ТӘРКІЛЕНЕДІ...»

2022 жылы Солтүстік Қазақстан прокуратурасы жоғары білім туралы жалған құжаттарды пайдалану фактілерін тіркеудің жиілеуіне байланысты осы санаттағы қылмыстық істерге талдау жүргізген. Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұловтың айтуынша, өңірде ай сайын жоғары білімі жайлы жалған дипломдарды пайдалану туралы 6-дан астам фактісі тіркеледі.

«Солтүстік Қазақстан облысының орта және мектепке дейінгі білім беру саласы «ерекшеленген» қызметкерлермен рекордтарды жаңартуда. Мысалы өткен жылдың 21 қазаны мен 8 қарашасында Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның полиция бөлімі ауданның орта мектептеріне мұғалімдердің жұмысқа орналасуы кезінде «Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мен «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» жалған дипломдарын пайдалану және олардың «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша жоғары білім алу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады. Сонымен қатар, тергеу барысында олардың аталған жоғары оқу орындарында мұндай оқуды оқымағандықтары анықталды», - дейді Мұрат Қожамқұлов.


КӨКШЕТАУЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ «КӨШ БАСТАП ТҰР»

Жалпы, өткен жылы өңірде осындай 80 факті анықталды. Прокурорлар іс материалдарын зерделеу кезінде жұмысқа орналасушылар негізінен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Туризм», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Физика және математика», «Химия және биология», «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік», «Кәсіптік оқыту», «Дене шынықтыру және спорт», «Музыка педагогы», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Информатика» сынды тағы басқа мамандықтар бойынша жалған дипломдар ұсынылатынын көрсеткен.

Сондай-ақ, Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт», С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жалған құжаттар анықталды. Бұл толық тізім емес екенін атап өткен жөн.

«Мұндай істердің көпшілігі қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі өткеннен кейін тоқтатылды. Бірақ бұл жағдайлар ақталмайды және адамдар қылмыс жасады деп саналады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес аталған мектеп мұғалімдері, балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарылды», - дейді Қожамқұлов.


ДИПЛОМ ЖАСАҒАН ҚҰТЫЛЫП, САТЫП АЛҒАН ТҰТЫЛДЫ...

Қадағалау органы дипломдарды қолдан жасап сататын адамдарды анықтау күрделі жұмыс екенін өозғап өтті. Өйткені олар бірнеше делдал арқылы жұмыс істейді. Ал ондай құжаттарды пайдаланғандарды анықтау қиын емес.

«Жалған құжатпен жұмыс істеген адамдар дарынды болуы да мүмкін, бірақ олар белгіленген бағдарламаларға сәйкес қажетті білім ала алмады, сонымен қатар олар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады. Мұнда қандай білім сапасы туралы айтуға болады? Өйткені, бұл жекелелеген жағдай емес, Прокуратура азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтінін ғана емес (385-баптың 1-бөлігі), сондай-ақ көрінеу жалған құжатты (ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі) пайдаланғаны үшін де айыппұл мөлшерінде бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейін, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы немесе қырық тәулікке дейін қамауға алу арқылы жаза көздейтінін тағы да атап өтеді», - дейді облыс прокурорының орынбасары.

Эльмира Мәмбетқызы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста