ШҚО-да үйлердегі пеш ақауынан 85 өрт тіркелді
Шығыс Қазақстан облысында пеш құрылысындағы ақаудан жыл басынан бері 85 өрт тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Салдарынан 8 адам мерт болып, 9 адам зардап шекті. Өйткені үй бұрышындағы пештің қауіп-қатер көзі екенін тұрғындар ескере бермейді дейді мамандар. Олардың айтуынша, тілсіз жаудың көпшілігі саяжайларда болған. Ондағы үйлердің басым бөлігі жыл бойы тұруға арналмаған. Сонда да амалдап өмір сүріп жатқандар жетерлік. Алайда пештің дұрыс салынбауы, әрі талапқа сай қолданылмауы тілсіз жауға түрткі болады. Дегенмен қауіптің алдын алу мақсатында құтқарушылар түтіндіктерді тексеріп, арнайы рейд шараларын өткізуді жиілетті.
Әуез Талғатұлы, қалалық ТЖБ аға анықтаушысы: - От жағу мауысымына дайындықты күшейту барысында тұрғындардың үйлерінің төбесіне шығып, мұржаларын тексердік,мұржалардың жанғыш материалдан алшақтығын есептедік және де от жағу кезінде шоқтың түсуін болдырпмау мақсатында пеш алды темірмен қорғалу керек, оның өлшемі 50*70см болуы керек.