ШҚО-да «Құнанбай» тарихи көркем фильмінің тұсауы кесілді

ШҚО-да «Құнанбай» тарихи көркем фильмінің тұсауы кесілді

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында «Құнанбай» тарихи көркем фильмінің тұсауы кесілді.

Кинотуынды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» мен Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Бұл фильмде кеңестік саясатты озбыр етіп көрсеткісі келген ұлы Абайдың әкесі, мемлекет қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының қоғамдық-саяси қызметі мейілінше тарихи шындыққа сәйкес суреттелген. Бұл – Абай елі ұрпақтарының пікірі.

Абай елінде бүгін тағы той. «Құнанбай» тарихи көркем фильмінің тұсаукесерін жергілікті тұрғындар асыға күткен еді. Өйткені былтыр ғана осы өңірде түсірілімі жүрген фильмде өздері де кейіпкер болған.

Құнанбай бабамыз 1804 жылы Шыңғыстаудағы Ақшоқы қыстауында дүниеге келген. ХІХ ғасырдың ортасында тарихи тартыстар көп кезең еді. Міне, қайраткер тұлға осы тұста билікке араласып, өзінің мәмілегерлік қабілеті арқасында ел мүддесін бәрінен жоғары қоюға тырысты. Би, болыс, аға сұлтандық қызметінде патша өкіметінің заңын, қазақтың салт-дәстүрін және шариғат жолын тұтастыра білді.

Досхан Жолжақсынов, фильм режиссері: - Құнанбайды ұстап әкетіп бара жатқанда, алдынан шығып сұрайды: «балам, айыбың қанша?» деп, сонда Құнекең жауап береді «Ешқандай айыбым жоқ, көрсетіндімен кетіп бара жатырмын» деп. Зере анамыз: «Құдайға шүкір, Алланың алдында таза екенсің» дейді. Міне, осы бір диалогтарда анамыздың да ұлы тұлға екенін, алып тек қана анадан туатынын көрсеткіміз келді.

Фильмнің сценарийін марқұм Таласбек Әсемқұлов пен Досхан Жолжақсынов бірігіп жазған. Туындыны түсіру барысында 500-дей киіз үй тігіліп, мыңнан астам жергілікті тұрғын қатысыпты.

Манатай Балтақайұлы, Құнанбайдың ұрпағы: - Үстем тап қиянатшыл, зорлықшыл деп миымызға сіңіріп келді ғой, солай деп ұғып келдік. Бүгінгі кино Құнанбай бабамыз жайында, бұл біздің ұлы бабамыздың кім екендігін халыққа білдіріп, көрсетіп, оның атақ-дәрежесін өсіріп, қазақ халқының тарихында оның орнын белгілеп тұр деп айтуға болады.

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков, Абай ауданының әкімі: - Тарихтан ауытқу болған жоқ деп ойлаймыз. Әр режиссер, әр сценарист өз қырымен келеді. Ең басты дүние халықтың шыққандағы пікірі. Құнанбайдың мемлекеттік қайраткер ретінде бет-бейнесі көрсетілді деп есептейміз.

Қарауылда өткен тұсаукесерден кейін кинофильм Семей қаласында да көпшілік назарына ұсынылды. Ал жалпыұлттық көрсетілімге мамыр айының соңында шығады деп жоспарланып отыр.  

24.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста