ШҚО-да боранда жоғалып кеткен азамат 16 сағат бойы адасып жүрген

ШҚО-да боранда жоғалып кеткен азамат 16 сағат бойы адасып жүрген

ШҚО-да боранда жоғалып кеткен азамат 16 сағат бойы адасып жүрген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 
Шемонаиха ауданының полицейлері боран кезінде жоғалып кеткен ер адамды Усть-Таловка ауылының маңынан тапты. 5 қаңтарда сағат 15:10-да Шемонаиха АПБ жедел арнасына аудан тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол 5 қаңтарда таңғы сағат 04:00 шамасында оның 37 жастағы туысы көрші Заречное ауылында орналасқан Усть-Таловка ауылынан үйіне кетіп қалғанын хабарлаған.

Алайда 9 сағат бойы ер адамның жүрген жері белгісіз болған. Ол тек туыстарына қоңырау шалып, боранның салдарынан адасып кеткенін және осы уақыт ішінде бағананың жанында айналып жүргенін, одан басқа ештеңе көрмейтінін, телефонның қуаты таусылуға шақ қалғанын хабарлаған. Аталған факті белгіленген тәртіпте тіркелген.

«Іздеу жұмыстарына Шемонаиха АПБ барлық жеке құрамы, құтқарушылар, аудан әкімдігінің қызметкерлері, жеке қарда жүретін көлігі бар Усть-Таловка ауылының тұрғыны Евгений Павлов қосылды. Бес сағаттық бірлескен жұмыстан кейін сағат 20:00-де Шемонаиха ауданы ПБ ӘПБ жол және техникалық инспекциясы тобының аға мемлекеттік автоинспекторы Айбек Нағұманов мен Евгений Павлов жергілікті жерді жақсы білгендіктен, Усть-Таловка кентінен 1,5 шақырым жерде далада қалып қойған ер адамды аман-есен іздеп тапты», - делінген хабарламада.
Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұржан Түгелов атқарылған жұмыстары үшін Айбек Нағұманов пен Павлов Евгенийге алғыс білдіріп, грамотамен марапаттады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста