Сот орындаушылары форма киетін болды

Соттың шешімін орындауда түрлі қиындықтар, тіпті борышкерлердің тиісті сот шешімін орындауда сот орындаушыларынан қаймықпай, заңды белден басатын кездер жиі кездеседі. Осы мақсатта ҚР Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті 2011 жылғы 14 қарашадағы №942 бұйрыққа сәйкес, сот орындаушыларына бірыңғай киім үлгісін тігуді қолға алды.
Жақында ақмолалық 70 сот орын­дау­шысы да арнайы формалық киімге ие болатын болды.
Берік Беркімбаев, Ақмола облысы сот актілерін орындау департаментінің бастығы:
– Қазіргі уақытта сот шешімінен кейінгі атқару өндірістерінің тым көбейіп кетуіне байланысты сот орын­даушыларының атқаратын жүгі де көбейіп отыр. Сондықтан, менің ойым­ша, сот орындау­шы­сының киім фор­масын заман талабына сай етіп тігу олардың мәртебесін  көтеріп, халық ал­дындағы беделін де нығайтуы тиіс деген сенімдемін.

Ақмола облысының аумақтық бө­лім­­дерін­дегі барлық сот орын­даушы­лары бұл жаңалыққа қуаныш­тарын жасырмады. Себебі қарызды қайтару мақсатында бо­рыш­керлердің үйлері­не барған кезде үй иелері кір­гізбейтін жағдайлар да кез­десетін көрінеді.
Серік Қаракесеков, Степногор аумақтық бөлімінің сот орындаушысы:
– Басқа құқық қорғау орын­дары сияқты сот орындаушылары­ның да формалық киімде болуы өте жағым­ды жаңалық. Бұл біздің халық алдындағы беделімізді жоға­рылатып, атқару құжатын уа­қытында орын­дауға септігін тигізеді деген пікірдемін.

Киім формасын тігу тендерді жеңіп алған қостанайлық жеке кәсіпкер «Арзиев­ке» тапсырылып, 666 мың теңге көлемінде қаржы бөлінетін болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста