Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды. "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.
Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінде болады.
Сондықтан мұнда кей жерлерде жауын шашын, көктайғақ және ауа температурасының шамалы көтерілуі күтіледі.