Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жариялады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде боран болады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік шығыстан 18 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жезқазғанда түнде тұман түседі деп күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада көктайғақ болады деп күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысында жаяу бұқрасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді. Қарағандыда түнде тұман болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік батыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында көктайғақ болуы ықтимал.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді. Таразда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жетеді.
Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
7 өңір дауыл ескерту