Шикізатты өңдемей өткізуден қашан құтыламыз?

Шикізатты өңдемей өткізуден қашан құтыламыз?

Өмірдің барлық саласынан өз орнын тапқан пластмассаны кім білмейді? Оның түп негізінде кәдімгі пластик жатыр. Пластиктің өзінің полипропилен, полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, полиэтиленгликоль деп аталатын, ә дегенде тілің күрмелетін ондаған «ағайыны» тағы бар. Осыларды бір сөзбен мұнай-химия өнеркәсібінің өнімі деп атайды.
Қойнауы қазынаға бай қазақ жері мұнай-химия өнеркәсібін өр­кендете алады. Өйткені Менделеев атай құрастырған кестедегі эле­мент­тер­дің барлығы бізде жеткілікті. Әсіресе мұнай мен газды мейлінше мол берген. Орал, Атырау, Ақтаудағы Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған, Өзен, Қызыл­ордадағы Құмкөл бассейні сөзімізге дәлел. Енді шикізатты шетке шыға­румен қатар, өзіміз терең өң­деуден өткізіп, дайын өнімді экс­порт­тауға даңғыл жол ашылды. Кешікпей отандық дүкен сөресінен өзімізде өндірілген пластик тауарды арзан бағаға сатып алатын күн туады деген әңгімеге сенгің келеді.
Көмірсутекті көптеп өндіре бас­та­ғалы бері елде жүз мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнай өндіру көлемі 2001 жылдан бері екі есе өсіп, 2011 жылы 80 млн тонна қара алтын алуға қол жеткізіппіз. Осы жыл­дары газ өндірісі 5,46 млрд тек­ше метрден 39,5 млрд текше метрге, яғни сегіз есеге артқан. Көрсеткіш көте­рілген сайын жағдай жақсарады. Сонымен бірге инновациялық маз­мұн­ның қажеттігі де айқын сезіледі. Ен байлықтың үстінде отырып, ыры­сы ернімізге тимесе не болғаны? Шикізатты «шикілей» экспорттаудың қазаққа соншалықты пайдасы бар ма? Бұл сауалдар Үкімет үйін­де­гі­лер­дің де мазасын алғанға ұқсайды. 2005 жылдан бастап елде мұнай-хи­мия кешенін қайта «тірілту» жөнін­дегі жұмыстар басталды. 2015 жыл­ға дейін мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасы қабыл­данды. «Тірілту» дегеніміз жай сөз емес. Мұнай-химия – бұрыннан бізге таныс кәсіп. Кеңес уақытында да болған. Тек ол кезде жал­пы­одақ­тық өндіріс шеңберінің бір бөлігі ретінде салынып, басым көпшілігі ресейлік шикізатты өңдеп, дайын өнім­ді бүкіл Одаққа беріп отырған. Кейін­нен экономикалық және өнді­рістік қарым-қатынастардың үзілуі салдарынан қазақстандық мұнай-химия кәсіпорындары шикізат тап­шы­лығына ұшырап, 60 пайыздан аста­мы өндірісін тоқтатуға мәжбүр бол­ды.
Атырауда – алып кешен, Қарашығанақта – жаңа зауыт
«Орнында бар оңалар» дейді дана халық мәтелі. Барды бағамдап, жоқты түгендеп, жаңаға ұмтылуды Елбасымыз өз Жолдауында нақты айқындап берді. Елбасы тапсыр­ма­сымен Атырауда алып мұнай-химия кешенінің қабырғасы қаланды. Ол екі кезеңнен тұрады: біріншісі – жыл­дық қуаты 500 мың тонна пропиленді құрайтын өндіріс, оның құрылысы 2010 жылы басталды, жобаның құны 2 миллиард долларға жуық. Құ­рылысты 2015 жылы аяқтау жос­парлануда.
Екінші кезең – жылдық қуаты 800 мың тонна пропиленді құрайтын өндіріс. Бұл жобаның құны 4,3 миллиард долларды құрайды, құрылысты 2016 жылы аяқтау жоспарлануда. 2015 жылға дейін Аты­рау­да мұнай-химия саласын дамыту үшін 30 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция жұм­салмақ.
Мамандардың айтуынша, этаннан этилен, одан полиэтилен алу эконо­ми­калық және  технологиялық тұрғыдан тиім­­ді. Мәселен, қазіргі заманғы техно­ло­гиялық жүйеде бір тонна этилен алу үшін 1,2-1,3 тонна этан жұмсалады екен. Са­лыс­тырмалы түрде алсақ, осындай өн­дірістік операцияға үш және одан да көп есе бензин мен 1,8-2 тонна пропан шы­ғын­далған болар еді. Алынған бағасы ар­зан этилен газ-химия өнімдерін шығаруға кең көлемде пайдаланылуы тиіс. Бұл жоба өңір­де жұмыссыздық мәселесін оңтайлы ше­шуге де септігін тигізбек. Мәселен, осындай жобалар нәтижесінде 4000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Елбасы Жолдауында айтылған Қа­ра­шы­­ғанақ кен орнында қуаты жылына 5 мил­лиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысының да маңызы зор. Бұл зауыт елді Ресей газына кіріптарлықтан құтқарып қа­на қоймай, мұнай-химия кешеніне қажетті шикізат та шығаруы тиіс. Дегенмен бүгін таңда осы ірі жобаның аяғына тұсау салып отырған мәселелер баршылық. Бірінші кезекте мынадай өзекті мәселе туындайды: бұрын қол қойылған келісімшарттың міндеттемелері бойынша жаңа қазақстандық ГӨЗ бен Орынбор ГӨЗ үшін Қарашығанақта өндірілетін газ жет­кі­лікті ме? Қарашығанақ жылына 9 мил­лиард текше метр газды сатады, ке­лісім бойынша Ресейге 15 млрд сатуымыз ке­рек. Сондықтан Қарашығанақтың қуа­тын күшейтпей, отандық зауытқа қажетті 5 млрд текше метр газды алу әзірге мүмкін емес. Шетелдік инвесторлар биылғы жыл­дың аяғына дейін жобаны игерудің үшінші ке­зеңін бастауға уәде беріп отыр. Ол түп­кі­лікті жүзеге асқаннан кейін қазір өн­ді­рілетін 8-9 миллиард газдың көлемі екі есе ұл­ғаяды, яғни ол 16 миллиард текше метрге дейін жететін болады. Осылайша, «ши­кізат бәріне де жетеді» дейді ма­ман­дар. Қалай дегенде де Елбасы Жолдауында ай­тылған жоба жүзеге асарына сенім мол.
Салауат ЖӘРДЕМОВ, техника ғылымының кандидаты:
– Отандық мұнай өңдеу зауытта­ры­ның қуатын тек 40 пайызға пайдаланып отыр­мыз. 60 пайызы терең өңделмейді. Газ өңдеу зауыттары 6,25 млрд текше метр газды өңдейді, оның ішінде ілеспе газ­дың 60 пайызы ғана өңделуде. Осы­ның салдарынан, жалпы, көмірсутегін өң­деу мұнай мен газды айырумен ғана шек­теліп, мұнай-химия шикізаты пай­да­ланудан тыс қалады. Ал осы шикізат по­листирол, техникалық резина, ши­налар сияқты бұйымдар өндіретін кә­сіпорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс істеуіне аса қажет. Алдағы уақытта осыны да ескеруіміз қажет.

Оралдық пластик құбырдың сапасы жоғары
Бұл жобаның иесі – Орал сауда-өнер­кәсіп компаниясы (ОСӨК). Компания за­уы­тының өндірістік базасында Гер­ма­ниядан шығарылған Krauss Maffеi за­уы­тының өндірістік құрал-жабдығы ор­натылған. Өндіріске қажетті шикізат Та­тарс­таннан әкелінуде. Зауыт диаметрі 20 мм-ден 630 мм-ге дейінгі аралықтағы по­лиэтилен және полипропилен құбыр­ла­рын шығарады. Оның өнімдерінің тұты­ну­шы­лары – құрылыс, мұнай-газ, ком­­­му­нал­дық кәсіпорындар мен облыс тұр­ғындары. Елімізде тұрбалардың дені  Ре­­сейден, үлкен диаметрлі тұрбалар Еу­ро­па­дан тасымалданады. Бір жылдың ішінде ша­мамен елімізге 22 мың тонна құбыр әке­лінеді екен. Енді жоғары сұранысқа ие өнім түрлері осы «ОСӨК» ЖШС зауытының конвейерінен шығуда.
Аталмыш кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 3500 тонна полиэтилен құбыр шығаруға жетеді. Мұнда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт іске қо­сылғалы бері 2000 тонна полиэтилен құ­быр өнімі шығарылған. Дайын құбырлар өз облысымыздан бөлек, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыс­та­рынан да тұтынушы тауып, алыс-жақынға жөнелтіліп жатыр. Таяу болашақта Ресей Фе­дерациясының көршілес өңірлеріне экспорттау жоспарлануда.
– Біздің өніміміздің 67 пайызы қа­зақ­стандық мазмұнды құрайды. Әлемдік өндірістегі ең озық технологияны меңгеру арқылы біз барлық ресурсымызды 15 пайызға үнемдеп, жоғары сапаға қол жеткіздік. Ендігі өтінішіміз – құбыр жасауға қа­жетті шикізатты алыстан арбаламай, өзі­м­ізде шығарса екен. Сонда біз қандай бә­секеге де төтеп бере аламыз. Жалпы, Қа­зақстанда полиэтилен құбырларын шы­ғаратын 12 зауыт бар. Қай-қайсысы да іш­кі, сыртқы нарықтың сұранысын толық өтей алады, – дейді кәсіпорын директоры Валерий Крылов.
Ерлік ЖЫЛҚАЙДАР, кәсіпкер:
– Менің ойымша, мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалып­тас­тыру мүмкін емес. Қазіргі кезде елі­міз­дегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың ба­сым бөлігі сырттан келетін импорттың арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 1 млрд долларға жуықтап қалыпты. Бұл қуанатын нәтиже емес. Ірі өндірістер құру керек. Бірақ біз се­кілді пластиктен өнім шығарғысы келген кәсіпкерлерді арзан шикізатпен қам­тамасыз ету жағы ұмыт қалмаса екен. Сосын шығарған өнімімізді жер­гі­лікті сауда орындарында өткізетін жағ­дай жасалса жақсы болар еді...

Керек дерек
Химия нарығын зерттеу жұмыстарымен айналысатын америкалық Chemical Market Associates Inc. (CMAI) мәліметі бойынша, полистиролдың дүниежүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең, соның ішінде Батыс және Шығыс Еуропада 3,5 млн тонна. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің 30 пайызына жуық. 
Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол плас­тиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол 51 %-ды құраса, акрилонитрилбутадиенстиролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол – 18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 % жә­не сополимерлер үлесі – 2 %. Сарапшылардың болжамы бойынша, 2015 жыл­ға дейін дүниежүзіндегі тағамдық қаптама нарығы бес есеге ұлғаюы күтілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста