Шенеуніктер Snickers шоколадының аштық жайлы жарнамасына жол бергісі келмеген
Қазақстанда Snickers шоколады жарнамасының мәтініне тыйым салына жаздаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін "Қазақстан жарнама компаниялары альянсы" қауымдастығы ЗТБ директоры Болат Қожақов еліміздегі сыртқы жарнаманы құқықтық реттеу мәселелері талқыланған отырыста айтты.
"Аймақтардың бірінде Snickers жарнамасының "Отфутболь свой голод!" деген мәтініне шенеуніктердің бірі Қазақстанның гүлденген ел екенін айтып, жол бергісі келмеді. "Қазақстанда аштық жоқ, мұндай жарнамаға рұқсат етілмейді" деді. Күлкілі, екінші жағынан өкінішті", - деді ол әріптестеріне.
Айта кетейік, бүгін сыртқы жарнаманы орналастыруға қатысты мәселелерді талқылау барысында жарнама салығы тақырыбы да қозғалды. Атап айтқанда, ғимарат иелерін жарнама ілу салығынан босату ұсынылды.