Сенатор сот сарапшыларының мәселесін көтерді

Сенатор сот сарапшыларының мәселесін көтерді

ҚазАқпарат - Сот сараптамасы саласындағы жалақының төмендігі мен жүктеменің жоғары болуы мамандардың тапшылығына әкелді. Сенатор Ақмарал Әлназарова осы мәселе бойынша Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатордың айтуынша, Сот сараптамасы орталығының штат саны 1 272 адамды құрады. Бұл ретте жыл сайын жүргізілетін сот сараптамасының көбейе түсуіне және олардың күрделенуіне қарамастан, сарапшыларға бөлінген штат саны 1998 жылдан бері өзгерісСенатор сот сарапшыларының мәселесін көтердісіз қалып отыр.

«Бұл саланың қызметкерлері гепатит, туберкулез және басқа да аса қауіпті ауруларды жұқтыру сияқты кәсіби қауіптің ортасында жүр. Зиянды заттармен жұмыс, сондай-ақ жоғары психоэмоционалдық жүктеме жоғары білікті сот сарапшыларының жұмыстан кетуіне әкеледі. Биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 133 сараптама маманы жетіспей отыр. Жалақының аз болуы жағдайды қиындатып отыр. Сарапшылардың жалақысы 340 мың теңге, ал зертхана қызметкерлері 215 мың теңге шамасында алады», - деді сенатор.

Ақмарал Әлназарова объективті сот төрелігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі институттардың бірі ретінде сот сараптамасын дамытудың маңыздылығын айтты. Осы орайда ол Үкімет басшысынан сот сараптамасы органдарына қосымша штат бөлуді, сондай-ақ Сот сараптамасы орталығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста