Семей қаласының өрт сөндірушілері жаңадан салынып жатқан көппәтерлі үйде шыққан өртті  сөндірді. Өрт 300 шаршы метр аумақты қамтыған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлады.
«18 қараша күні сағат 09:45-те Семей қаласының Қарағайлы шағынауданында салынып жатқан 9 қабатты үйден өрт шықты. 2-қабаттан 9-қабатқа дейінгі аралықтағы сыртқы қабырғаның жылытқышы өртенген. ТЖД қызметкерлері жалпы ауданы 300 шаршы метрде өртті жедел сөндірді», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.