Шекарашы өнерпаздар қоржынында – қос жүлде

Шекарашы өнерпаздар қоржынында – қос жүлде

Еліміздің алдағы басты мерекесі – Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап жақында Шымкент қаласында фольклорлық ансамбльдердің «Ғасырлар үні» байқауы өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен тоғыз өнер ұжымы қатысып, жиналған қауымды құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күйімен тәнті етті.
Байқауда республикамыздағы әскери фольклорлық ұжым – ҚР ҰҚК Шекара қыз­метінің «Шекара сазы» ән-би ансамблі­нің фольклорлық тобы да өз өнерін көр­сетті.  Жалпы, ән-би ансамблі ұжымы ел сүйіп тыңдар жаңа әндерімен көпшілікке етене танымал. Шекарашы әншілер орын­дап жүрген Ескендір Хасанғалиев, Бағдат Алтаев, Естай Әлікеев, Ермек Елгезеков сынды ақын-сазгерлердің әндерін халық ыстық ықыласпен қабылдап жүр. Мәселен, Бағдат Алтаевтың «Жеңіс күні» әні – жүректі тебірентер шығарма. Оны тыңдаған жан­ның еріксіз делебесі қозып, бойдағы ел мен жерге деген сүйіспеншілік рух тулап шыға келеді. Мәңгілік әннің мәңгілік құ­діреті болады деген осы шығар. Ән мен күйлерін қашан да нақышына келтіре орын­дап, тыңдарманның жүрегіне жол таба білетін ансамбльдің фольклорлық өнерпаздар тобын да осы жолы көрер­мен қауым ыстық қошеметпен қабылдады. Байқауда шырқаған әндеріне көпшілік тік тұрып құрмет көрсетуі соны білдірсе керек. Осы жолғы байқаудан фольклорлық топ құр қол қайтпай, қола жүлденің иегері атанып, арнайы дипломмен марапаттал­ды. Өнерпаздар тобы осыдан бір ай бұрын Алматы қаласында өткен «Ғасырлар сазы» республикалық фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста