Ақпаратты бойжеткендердің бірі әлеуметтік желіде жариялады. Олар ұзақ уақыт бойы осындай болжам жасап жүрген, алайда анық білмеді
АҚШ-та сегіз жыл бойы бірге жұмыс істеген құрбылар апалы-сіңлілі екенін білді, деп хабарлайды The Sun.
31 жастағы Джулия Тинетти мен 32-дегі Кассандра Мэдисон 2013 жылы танысқан. Коннектикут штаты Нью-Хейвен қаласындағы барлардың бірінде жұмыс істеді. Көптеген адам олардың бір-біріне ұқсайтынын айтқан. Джулия Кассандраның татуировкасына мән берді. Олар екеуі де бір елде туып, кейін асырап алған отбасында өмір сүргені белгілі болды.
Алайда құжаттағы ақпарат сәйкес келмеді. Олардың анасының аты басқа болған. 2021 жылы Кассандра Доминиканадағы биологиялық ата-анасымен кездесті. Олар бар шындықты айтып берген.
Отбасында тоғыз бала болған. Ата-анасы асырай алмағандықтан, екі қыздан бас тартуға тура келген. ДНҚ тесті екі бойжеткен туыс екенін растады.
"Біз апалы-сіңліліміз! Әкеміз де, анамыз ба бір! Осылайша, бірге жұмыс істеген қыздар бауыр болып шыға келді", - деп жазды Кассандра Facebook парақшасында.