Сауапқа толы мерекеге санаулы күн қалды

Сауапқа толы мерекеге санаулы күн қалды

Қасиетті жұма күні жер бетіндегі екі млрд мұсылман баласы үшін ең ұлық мереке – Құрбан айт тойланады. Кеше Алматыда қасиетті мейрамның мән-маңызын, құрбан шалудың шарттарын түсіндіру мақсатымен еліміздің Бас мүфтиі Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

Бас мүфтидің айтуынша, шамасы келетін кез келген адамның құрбан шалғаны жөн. Себебі құрбан шалған адам Алланың рахметіне бөленіп, оның отбасына береке, молшылық келеді. Құрбандыққа қой, ешкі, ірі қара, түйе малдарын шалуға болады. Оның еркек, не ұрғашы екені есепке алынбайды, тек денсаулығы дұрыс болса болғаны. Малды тек айт намазы оқылып біткеннен кейін сою қажет. Намазға дейін сойылған мал садақа деп есептеледі. Ал мешітке баруға шамасы келмейтін адамдар намаз оқылып бітті-ау деген уақытты күтуі шарт. Айт намазы жергілікті уақыт бойынша оқылады. Алматыда ол 8:30-да басталады. Әрине, ел іші болғаннан соң құрбан шалуға жағдайы келмейтіндер де бар. Қасиетті дініміз мұндай жандарға да жеңілдік жасаған. Ол – айт күні жуынып-шайынып, тазалану. Себебі, бұл тазалық оларға құрбандық шалғандай сауап әкеледі. «Құрбан айт күні ертерек тұрып, ғұсыл алып, таза киім киіп, хош иісті әтір сеуіп, көшеде жолыққан адамға ашық жүзбен қарау, құрбандық етімен ауыз ашу үшін намаздан бұрын ештеңе жемей, намазға бара жатқанда тәкпір айту – хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сүннеті», – дейді бас мүфти.

Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі, Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі:
– Құрбандық шалудың маңызын ұғыну үшін, ең алдымен, құлшылықтың не үшін жасалатынын білген абзал. Кең байтақ ғаламды жаратқан құдіретті Тәңіріміз жер бетіндегі саналы пенделерін тектен-текке жаратпаған. Олардың әділетті қоғам құрып, саналы да, салауатты өмір сүруі үшін Алла тағала тура жол көрсетуге хақ дін жіберген. Мұны қасиетті Құранда: «Мен жындар  мен адамдарды (Мені танып), маған ғана құлшылық жасасын деп жараттым» («Зарият» сүресі, 56-аят), – деп білдірген. Демек, құлшылық жасаудың түпкі мәні – Жасаған Иеміздің әміріне бойұсынып, ризалығына жетуге тырысу арқылы тиісінше сауапқа кенелу.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста