Бүгінгі таңда саптық айла-тәсілдер, яғни, саптық адымның ұзындығы, биіктігі және қарқыны өзгерді. Енді әскери қызметшілердің адымының ұзындығы 80-нен 70 сантиметрге дейін қысқарды, адым жылдамдығы минутына 120-дан 105 қадамға дейін, ал адымның биіктігі 20-дан 15 сантиметрге дейін азайтылды.
«Бұл күнге дейін қолданылып келген саптық адым күрделенген болатын және ұзақ жылдар бойы қолданылып келді. Қазіргі заманғы қазақстандық әскери қызметшінің толық амунициядағы жауынгерлік жарақтандырылуы 25 келіге дейін жетеді. Сәйкесінше, әскери қызметшінің сапта ұзақ қашықтыққа алмасуы анағұрлым күш-жігерді қажет етеді», - деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының (әскерлер қызметі жөніндегі) бастығы полковник Алексей Скорняков.
Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында зерттеу жүргізілді. Жұмыс тобы ұдайы негізде әрекет ететін армияның тәжірибесін зерделеді. Оның нәтижелері мен медициналық көрсетілімдері бұдан бұрын қолданылған саптық адым әскери қызметшілердің сүйек-бұлшық ет жүйесіне артық жүктеме түсіргенін растайды.
Ал жаңадан енгізілген өзгеріс әскери қызметшілердің сүйек-бұлшық ет жүйесіне түсетін жүктемені азайтуға, жауынгерлік тапсырмаларды орындау алдында олардың шаршауын төмендетуге, саптың тәртібін, саптағы түзелуді арттыруға мүмкіндік туғызды. Одан басқа, көзбен шолып қарағанда адым жасау аса бір өзгеріске ұшыраған жоқ.
Қорғаныс министрлігінің бастамасын ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері де бірауыздан қолдап, Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысымен бекітілгенін айта кетейік.
Саптық айла-тәсілдердің тәртібі өзгерді
Последние статьи автора