Шамалған станциясына теміржол өткелегі 2020 жылы салынады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді.
"Шамалған станциясындағы теміржол өткелінде орын алған төтенше оқиғаны ескере отырып, сондай-ақ, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша аталмыш станциядағы жол өткелінің құрылысына қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда Шамалған станциясындағы жол өткелінің құрылысына жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталмыш жұмыстар 2020 жылдың сәуір айында аяқталады деп жоспарлануда" - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Құрылыс-монтаждық жұмыстар жоспар бойынша 2020 жылдың соңына дейін аяқталмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның автомобиль жолдарында теміржол арқылы өтетін 1058 қиылыс бар.