Салық төлеуге салғырт қарапты

Атырауда жекелеген компаниялар салық органына тіркеліп, төлем жасауды «ұмыт қалдырған». Соның кесірінен бүгінде облыстық бюджетке 63 млн теңге қаражат түспей отыр. Жүргізілген тексеру нәтижелері аймақтағы НКОК секілді алпауыт компаниялардағы жобаларды жүзеге асыру кезінде еңбек еткен шетелдік мамандардың салық органдарында тіркелмегенін анықтады.
Облыстық жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген мәліметке сүйенсек, ағымдағы жыл­дың алғашқы алты айында «Ерсай Кас­пиан Контрактор», «Ллойдс Реджистер Қазақ­стан», «Стандарт Сервис», «ЭенерТек», «Райм Групп», «Сайпем Қазақстан», «Тоцци СудС.п.А» ком­па­ния­лары мұнайлы мекен­ге шетелдік жұмыс күштерін әкелген. Белгі­лен­ген заңдылыққа сәйкес, салық төлемдері заң­ды тұлғаның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде төленуі тиіс болғаны­мен, аталған мекемелер жұ­мыс­тарын Атырауда жасай отырып, салықты басқа облыстың қазынасына қотарыпты. Нәтижесінде жергілікті бюджеттің жоспары орындалмай отыр. Облыстық салық депар­таменті бастығының орынбасары Айгүл Рзағұловадан білгеніміздей, жеке адам­дардан түскен салықтар жергілікті бюджет түсімдерінің 69 пайызын құрайды. Қазынаға түскен қаржы денсаулық сақтау, білім беру секілді басқа да әлеуметтік салаларды дамытуға бөлінеді. Алайда жоғарыда атал­ған мекемелерден бөлек, жер қойнауын пайдаланушылардың арасында да заңсыз жұмыс жасап жатқандар бар болып шықты.
– Атырау облысының аумағында кө­мірсутек шикізатын барлаумен және өн­ді­румен айналысатын «КоЖан», «Кольжан Ойл», «АбиПетролем Кэпитал», «Астана ойл Компани», «Матен Петро­леум», «Самек Интернешнл», «Экого­неф­тегаз», «Равнинное Ойл» компания­лары қаржылық-шаруа­шылық қызметтерін облыстық салық депар­таментіне тіркеусіз атқарып келгендері анықталды, – дейді А.Рзағұлова.
Кен орындарын игеру кезінде болатын кері әсерлердің жергілікті халыққа тигізер за­лалы аз емес. Экология мәселесін жылы жауып қойған компаниялардың енді эконо­микаға да салқын қабақ танытуын қалай түсінсек болады?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста