Сәбидің қолыБалқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды
Балқаш ауруханасында екі жасар бала көз жұмды. Анасының айтуынша, дәрігерлер баланы үйге жіберген. Кейін үйде жағдайы нашарлап кетті.
Анасы 23 қазанда баласымен ауруханаға барғанын айтты. Өйткені оның қабағы ісіп кеткен.
"Дәрігерлер тексеріп, сынама алды. Бәрі қалыпты жағдайда деп үйге жіберді. Медбике ауруханаға жатудан бас тартқаным туралы қағазға қол қоюымды сұрады", - дейді ол.
Алайда дәл сол күні бала қатты мазасызданып, жылап, ерні көгеріп кеткен. Жедел жәрдем балалар ауруханасына жеткізді. Анализден соң қалалық аурухананың диагностикалық орталығына апарды.
"Ұлым аяғын ішіне басып қатты жылады. Дәрігерлер ешқандай процедура жасаған жоқ. Мен талап еткен соң ғана жансақтау бөліміне ауыстырды", - дейді анасы.
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/incidents/20201027/15305171/balqash-aurukhana-bala.html