«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі - «Туған жер» бағдарламасы

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі - «Туған жер» бағдарламасы

2017 жылғы 17 мамырда «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасы бойынша Сарапшылар кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Сарапшылар кеңесі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында құрылған, оның құрамына беделді қоғам және ғылым қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жетекші сарапшылар мен мамандар кіреді.

Сарапшылар кеңесінде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудың басты тұжырымдамалық ұстанымдары қаралды. Бұл бағдарлама төрт бөліктен тұрады: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани Қазына», «Ақпарат толқыны». Аталған бағдарламалар 14 басты бағыттар бойынша жүргізіледі, олардың әрқайсысы бойынша тиісті жобалар мен іс-шаралар іске асырылатын болады.

Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында жобалық басқарудың әдіснамасын қолдану жөнінде шешім қабылданды.
Отырыс барысында Сарапшылар кеңесінің төрағасы - Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңыздылығын атап айтты, онда патриотизмді қалыптастыру, салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен бірегей ұлттық кодымызды сақтау сияқты маңызды басымдықтар айқындалған.

Сарапшылар кеңесінің мүшелері тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша нақты ұсыныстар мен ұсынымдар берді.
Кеңестің бүгінгі жұмысын қорытындылай келе, Е.Сыдықов талқылаудың сындарлы болғанын, оның «Туған жер» бағдарламасының тұжырымдамалық ұстанымдарын жетілдіруге тигізетін пайдасын атап айтты, сондай-ақ Сарапшылар кеңесінің мүшелеріне сарапшылар мен консультанттар ретінде жобалық топтардың жұмысына және іске асырылып жатқан жобаларды мониторингтеуге белсенді қатысуды ұсынды.

Сарапшылар кеңесінің бірінші отырысының қорытындысы бойынша «Туған жер» бағдарламасының тұжырымдамалық ұстанымдары мақұлданды.

Ақпарат комитеті
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста