Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің192-бабының 16-тармақшасына сәйкес халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады. 194-бапқа сәйкес халықаралық тасымал бойынша қызметтер көрсетуден түсетін табыстар КТС бойынша 5 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасының тараптарының бірі, қосарланған салық салуды болғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың ережелерін осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолдануға болады.
Халықаралық ережелерді қолдану мақсатында резидент еместің, резиденттігін растайтын құжат табыс алушы резидент еместің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, резидент емес Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.
Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы куәландырады.
2011.21.07. №467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. №61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Резидент еместің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қолы мен мөрі қойылған құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті мекеме мен шет мемлекеттің құзыретті мекемесі резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзгеше тәртібін көздейтін өзара келісімге келген болса, онда көрсетілген тәртіп қолданылады.
Ұ.ЗАЙТБАЕВА, Медеу ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы
Резидент емес салық төлеушілерге құлаққағыс
Последние статьи автора