Ресей сүтінде ішек бактериясы табылды
Ұлттық экономика министрлігіне қарасты тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің аймақтық департаменттері Ресей Федерациясында шығарылған ірімшік пен сүт өнімдерінің құрамында ішек таяқшасы сияқты бактерияны, сондай-ақ басқа да микроаңзаларды анықтады, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми ақпаратқа сәйкес, өткен наурыз айында сүт өнімдерінің 337 сынамасы зерттелді. Осының нәтижесінде 82 сынама тиісті талаптарға сай емес болып шықты. Атап айтқанда, Астана қаласындағы "Magnum" супермаркетінде іріктеп алынған сынамаларды зерттеу нәтижелері бойынша: Алтай өңірі, Рубцовск қаласы "Вимм-Билль-Данн" ААҚ өндірген "Ламбер" ірімшігінде ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Ал Орлов облысы, Верховье кенті "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ өндірген "Сливочки сгущенные с сахаром Славянские" мен "Главпродукттың" сүт өнімдерінде мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің мөлшерінің жоғарғы болып шықты.
Алматы облысында: Омбы қаласы "Вимм-Биль-Данн" ААҚ өндірген "Домик в деревне" 2,5% сүтінің сынамасында және Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы "Вимм-Биль-Данн" ААҚ өндірген "Домик в деревне" 3,2% сүтінің сынамасында құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығының төмен мөлшері анықталды, сынамалар Талдықорған қаласындағы "Сити Плюс" СОСО-да іріктеп алынған.
Қызылорда облысында: физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша мынадай өнімдерде сәйкессіздік анықталды: Орлов облысы "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ өндірген Главпродукт "Столичная" қант қосылған қойылтылған сүтте, сынамалар "SMALL" сауда үйінен алынған; Ступино қаласы "Кампина" ЖШҚ өндірген "Сливочное лакомство Фруттис" 5%, банан-бүлдірген йогурт өнімінде, сынамалар Қызылорда қаласындағы "Аль-Асад" сауда үйінен алынған, Орлов облысы, Верховье кенті "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ өндірген "Юбилейная" қант қосылған қойылтылған сүтінде, "Птичье молоко" қойылтылған сүтінде, "Славянские" Главпродукт қант қосылған қойылтылған сүтінде, сынамалар Қызылорда қаласындағы "RetialA-A" ЖШС-нің "Аль-Асад" сауда үйінен алынған.
Техникалық регламенттер талаптарын барынша көп бұзу мына сүт өнімдерінде анықталды: "Вимм-Билль-Данн" ААҚ, "Верховский молочно-консервный завод" ЖАҚ, "Компания Юнимилк" ААҚ, "Данон Индустрия" АҚ, "Бішкексүт" ААҚ Ақмола облысының сауда кәсіпорындарында – Көкшетау қаласындағы "Орталық гастроном" супермаркетінде; Қызылорда облысында – Қызылорда қаласындағы "Аль-Асад" СҮ-де; Оңтүстік Қазақстан облысында – "Имран" СҮ, "Метро" СО-да; Алматы облысында – Талдықорған қаласындағы «Сити плюс» супермаркетінде; Астана қаласында – "Magnum" супермаркетінде; Алматы қаласында – "Юбилейный", "Green Mart" супермаркеттерінде.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу