Радиациялық ахуал қалыпты

Қазақстан Республикасы аумағында радиациялық ахуалдың нашарлауы байқалмайды, тұрғындардың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. «Қазгидромет» РМК маман­дарының қоршаған ортаға қатысты наурыздың 31-і күнгі мониторингінің нәтижесі осындай.
Мамандардың хабарлауынша, Жапо­ниядағы жойқын жер сілкінісінің салда­рынан болған радиациялық апаттан соң еліміздің аумағында табиғи гамма-фон 81 метеостансасының көмегімен күн сайын бақыланып отыр. Республика бойынша ат­мосфераның жерге жақын қабатындағы радиациялық гамма-фонның орташа дең­гейі сағатына 0,01-0,21 микрозивертке тең. Радиациялық ахуал тұрақты, сәулелер ең жоғарғы мүмкін мөлшерден аспайды. Радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәй­кес, техногенді сәуле сағатына 0,57 мик­ро­зиверт болған кезде қауіпті саналады. Естеріңізде болса, бұған дейін республи­каның санитарлық-эпидемио­логиялық қада­ғалау қызметі қоршаған ортаның та­биғи гамма-фонын үздіксіз бақылап оты­руды қатаң қолға алды. Радиациялық ахуал­ға қатысты мәселелер бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің 8(7172) 74-32-76 телефонына немесе www.mz.gov.kz сайтына, комитеттің «Санитарлық-эпидемиологиялық сарап­тама және мониторинг ғылыми-прак­тикалық орталығы» РМҚК-ның 8(7272) 77-60-03 телефонына немесе мемлекеттік сани­тарлық-эпидемио­логия­лық қадағалау қызметінің Алматы, Астана қалаларындағы аумақтық органдарына хабарласуға болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста