Қызылордалық азамат есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікке ілінді
Қызылордалық азамат есірткі затын сақтап, өсірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy POLISIA.KZ-ке сілтеме жасап.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ҚР Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тұрғылықты мекен – жайында аса ірі көлемде есірткі затын сақтауға және өсіруге күдіктелген 54 жастағы қала тұрғыны анықталды.
Үй иесінің ауласын тінту кезінде қарасора бұталары арнайы өсірілген жылыжай табылды.
Арнайы ыдыстарда өсірілген 37 түп сора өсімдігі және 1,5 келіден аса кептірілген марихуана тәркіленді.
Аталған дерек екі бап бойынша ҚР ҚК 296 - бабының 4 - бөлігі және 300 - бабының 2 - бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.