Қызылорда прокурорлары тергеу сапасын арттыруға мүмкіндік беретін пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда соңғы жаңалықтар Қызылорда тергеу сапасы пилоттық жоба Қылмысты тергеушілер өз ісін баяу жүргізетіндіктен, кей азаматтар әуре-сарсаңға түсіп жүр.
Ұлт жоспары мен Президент Жолдауында қылмыстық процесті оңтайландыру жайы айтылғаны белгілі. Осыны ескерген қызылордалық прокурорлар тергеу сапасын арттыратын пилоттық жобаны іске қосып отыр. Қазір орташа және ауыр емес қылмыстар 10 күн ішінде сотқа жолданатын болды. Ал бұрын 2-3 ай бойы тергелетін. Жоба аясында жауап алу бөлмелері бейне, аудиожазба құралдарымен жабдықталған. Яғни тергеуші күдіктіге қысым көрсете алмайды. 2 прокурор қалалық ішкі істер басқармасында тергеуді қадағалап, аяқталған іс қағаздарын сотқа жолдап отырады. Қайрат Бөрібаев, облыс прокурорының орынбасары: - Тергеудің сапасы жақсарды. Өйткені істің кемшілігі болса, тергеу барысында сол жерде жөнделіп, істер қосымша тергеуге жолданып жатқан жоқ. Тағы бір айтарлықтай тиімділігі күдіктілер мен жәбірленушілер сол жерде прокурорға жүгініп, талаптарын тергеу барысында түпкілікті шешімін табады. Өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда, тергеу саласы бойынша түскен арыздардың саны 24,2 пайызға азайды.