Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Дастан Қайырбеков ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің астаналық департаменті іздеуде жүрген аумақтық департаменттің бастығының бұрынғы орынбасары Дастан Қайырбеков ұсталды", - делінген мәлімдемеде.
Дастан Қайырбеков билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ол Нұр-Сұлтанда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Естеріңізге салайық, 22 қыркүйекте Мәскеу экономикалық тергеу департаментінің басшысы Жанболат Қожабаев қызметінен босатылған болатын. "Kozachkov offside" Telegram-арнасында жазылғандай, Дастан Қайырбековке қатысты қылмыстық іс сол күні қозғалған.