Қымбатшылық пен жемқорлық «100 мектеп, 100 аурухананы» тұсап тұр

Санат НҰРЛЫБЕК (фото)

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының қабылданғанына екі жылдан астам уақыт болды. Десек те аталмыш бағдарламаның аяғына тұсау болған проблемалар табылуда. Ол – қаржы мәселесі. Құрылыс саласындағы қымбатшылық біршама мектеп пен аурухана құрылысының межелеген уақытта аяқталуына кедергі болып тұр. «Жыл соңына дейін тапсырылатын 36 мектепке байланысты біршама проблемалар бар. Негізгі проблемалар – құрылыс саласындағы қымбатшылық пен құрылыс-монтаж жұмыстарының шабан қозғалысы. Яғни белгіленген кестеден қалып келеді. Осының салдарынан 36 құрылыс нысанының 22-сі өз мерзімінде тапсырылмауы мүмкін», – дейді білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев кеше Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен Үкімет мәжілісінде. Бұл – «100 мектептің» ғана проблемасы емес, «100 аурухананың» да шешімін таппаған түйіні.

Осы мәселелерді тізіп келген Жансейіт Қансейітұлы Премьер-министрге бұйымтайын ашық айтты. «Қазіргі кезде құрылыс материалдары құнының қымбаттауына байланысты 19 нысанның құрылысына 5 млрд 908 млн теңге қаржы қажет. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 14 нысан бойынша 5 млрд 184 млн теңгені алдын ала ұстап қалып отыр. Осыған орай біздің өтінішіміз, қаражаттың биылғы жылдың екінші жартыжылдығында бөлінуін сұраймыз», – деп министр өтінішін білдірді.
Министр егер қаржы дер кезінде бөлінетін болса, «100 мектеп» жобасы өз уақытында орындалады деп есептейді. Сонымен қатар Жансейіт Қансейітұлы құрылыс саласындағы қымбатшылық проблемасын жаңадан ашылған Құрылыс істері және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттікке тапсыруын өтінді.
Білім және ғылым министрі сөз соңын: «Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ облыс әкімдеріне белгіленген мерзімде мектептердің құрылысын аяқтауды және бюджетті толық игеру үшін шара қабылдауды өтінемін», – деп аяқтады.
Қаржы мәселесіне байланысты Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов Жансейіт Түймебаевтың өтінішін қанағаттандырған сыңайлы болды. Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда құрылыс саласындағы қымбатшылық пен сметалық құжаттарды ретке келтіру мәселесі күрделі проблемаға айналып отыр. Осыған орай «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен деп келісімшарт жасалған екен. Келісімнің осы тармағын еске салған Бақыт Тұрлыханұлы құрылыс нысандарының барлық құжаттары дайын болған кезде ғана қажетті қаржы аударылатынын ескертті. «Білім және ғылым министрлігінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттерден 5 млрд 6 млн теңге көлеміндегі қосымша қаржы бөлу жөніндегі ұсынысы республикалық бюджетті нақтылау кезінде комиссияның қарауына енгізілетін болады», – деді ол.
Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев та «100 аурухананың» осы мәселеге тіреліп отырғанын жеткізді. Оның мәлімдеуінше, 2009 жылы республика бойынша 17 аурухананы пайдалануға беру көзделген. Олардың 10-ын тек жергілікті бюджеттердің есебінен аяқтауға болады. Жалпы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 2007-2009 жылдары республика бойынша 99 аурухана мен 4  емхана салу жоспарланған. Министр Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, қазірге бағдарламадан қалған 75 нысанды 2012 жылға дейін аяқтау көзделіп отыр. Аймақтардан келген жобалық-сметалық құжаттар бойынша, бұған 353,4 млрд теңге қажет.
Құрылыс саласындағы қымбатшылық Кәрім Мәсімов үшін «шақырылмаған қонақтай» болып көрінді. Олай болатын себебі мынадай: дағдарыс кезінде өнімге сұраныс та азаяды. Ал сұраныс азайған жерде қымбаттау, бағаның өсімі болмауға тиіс. Өмірлік тәжірибеде солай. «Жығылғанға – жұдырық» жұмсап отырған қымбатшылыққа түсінбеушілік танытты. «Қазіргі дағдарыс жағдайында қымбатшылықтың болуы – мүлдем түсініп болмайтын жағдай», – деп шамданған Кәрім Мәсімов Үкімет мүшелеріне қадау-қадау тапсырмалар берді. Осы мәселелерге қатысты премьер 17 тамыз күні арнайы селекторлық кеңес өткізу жөнінде шешім шығарды. «Оған дейін мен Білім және ғылым министрлігіне, Денсаулық сақтау министрлігіне, Құрылыс істері және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттікке, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне, Қаржы министрлігі және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне бірлесіп, осы салада туындаған проблемаларды шешуді тапсырамын. Осы жағдай жан-жақты зерттелуі тиіс. Үш аптаның ішінде барлық проблемалар пысықталсын. Бұған жаңадан құрылған агенттік пен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жауапты. Ал шілденің 17-сінде біз «100 мектеп, 100 балабақша» бағдарламасы бойынша арнайы селекторлық кеңес өткіземіз. Мен осындай шешім қабылдадым», – деп мәселеге нүкте қойды К.Мәсімов.
ЖЕЛГЕ ҰШҚАН ҚАРАЖАТ
Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, құрылыс нысандарындағы қылмыстық жағдайларды, яғни жемқорлық, ақша қымқыру сияқты кеселдерді тексеретін басқарма жоқ екен. «Соған қарамастан, қазір Қаржы полициясы мектеп салу мәселесі бойынша 16 қылмыстық іс қозғап отыр», – дейді министр.
Мұндай қылмыстық жағдайлар медицина саласында да орын алып отыр. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 455,8 млн теңге көлемінде заңбұзушылық оқиғалары болған. Министр Ж.Досқалиевтің айтуынша, Бас прокуратура жүргізген тексерістің нәтижесі бойынша, Көкшетау қаласындағы Қан орталығын салу кезінде тапсырыс берушінің сметалық құжаттарды 35,8 млн теңгеге әзірлегені анықталған, яғни тиісті сомасынан асып кеткен. Сондай-ақ Қостанай облысында қалалық емхананың құрылысы барысында 243 млн теңгенің құрал-жабдықтары есептен шығарылып тасталған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 177,3 млн теңге көлеміндегі нысаналы трансферт қаржысы нысанаға «дөп тимей», басқа бағдарламаларға жіберілген. Сонда барлық шығынның жалпы көлемі 455,8 млн теңгені құрап отыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста