Құрметті әріптестер, құрметті ұстаздар!

Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттық­тай­мын! Әрине, бұл мерекенің күзде аталып өтуі кез­дей­соқ жағдай емес. Бұл – адам рухының көтеріліп, жыл бойы сіңірген еңбегінің жемісін жинайтын кез. Егер де диқан өзінің маңдай терімен өсірген астығын жи­наса, мұғалім өзінің шәкірттеріне жүрек жылуымен бі­лім нәрін себеді.
Мұғалім күнделікті қызметінде рухани-ұлттық құн­ды­лықтарды көздің қарашығындай сақтауға, адам­гер­шілік қасиеттерді қалыптастыруға бар күш-жігерін жұм­сайды. Ең алдымен ұстаз өзінің ісімен, өзінің сө­зімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тә­уел­сіз­дігін қорғайтын білімді ұрпағын тәрбиелейді.
Бүгінде заман өзгеруде, соған сәйкес мектеп өмірі де өзгеруде. Әр кезеңде қоғам біздің алдымызға уа­қыт талабына сай, тіпті кейде одан жоғары болуы үшін жалпыұлттық деңгейдегі жаңа да күрделі мін­дет­тер қоюда. Егер де әрбір педагогикалық ұжым ең жо­ға­ры талаптарға жауап беретін білім беру модельдері мен технологияларды қолданып, мақсатты түрде жұ­мыс істесе, онда біз дәуірдің ағымынан қалмайтын бо­ламыз. Сонда ғана қазақстандық білімді жоғары са­палық деңгейге көтереміз.    
Мұғалім еңбегі адамзат қызметінің өте маңызды да күрделі түрі екені даусыз, ол терең білім мен үлкен ше­берлікті, жүрек жылуы мен күш-жігерді, тіпті уа­қыт­пен санаспай еңбек етуді қажет етеді.
Сіздерге шын жүректен денсаулық пен барлық жақ­сылықты тілеймін! Алға қойған мақсаттарыңыз орын­далып, ой-жоспарларыңыздың жүзеге асуына ті­лек­теспін. Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер!


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста