Құрбан айт Қызылжарға үш мешіт сыйлады

Құрбан айт Қызылжарға үш мешіт сыйлады

Исламдағы қос мейрамның бірі – Құрбан айт Қызылжарға қуанышын ала келді. Діни мереке қарсаңында облыста үш бірдей жаңа мешіт ашылды. Аллаһ үйлерінің салынуына ауылдан шыққан кәсіпкерлер демеушілік жасапты.
Қызылжар өңірінің қазағы барлық тұр­ғын­­дарының 30 пайызынан аспаса да ме­­шіттерінің саны 30-дан асып жығылды. Биылғы Құрбан айт тағы қуанышқа ке­нелт­ті. Айыртау ауданының орталығы Сау­мал­көл ауылында 300 кісі сыятын аудандық ме­шіт ашылды.
Сырымбет ЕСЕНҒАЛИЕВ, кәсіпкер:
– Мешіттің құрылысына 60 миллион теңге жұмсалды. Қаржының 4 па­йыз­да­йын жергілікті тұрғындар жинап бер­ді. Қалғанын өзім шығардым. Осынау еңселі ғимаратты серіктестіктің күшімен са­лып шықтық. Ауласын абаттандыру, оған 30 түп қарағай мен шырша егу жұ­мыстары да таяуда аяқталды. Көптің қол­дауының арқасында Құрбан айт мей­рамында ашуға қол жеткізіп отыр­мыз.
Тағы екі мешіт Шал ақын ауданына қа­расты Ақсу және Жаңажол ауылдарында са­лынды. Ақсуда бұрын мешіт болған. Бі­рақ 1926 жылы салынған Аллаһ үйінің ғи­ма­раты кеңес өкіметі кезінде мектепке бе­рілген болатын. Қазір оның орны да қал­ма­ған. Енді, міне, араға 90 жылға жуық уа­қыт салып, жаңадан бой түзеген ғибадат үйі ауыл тұрғындарына есігін айқара аш­ты.
Жаңажол ауылындағы мешітті кәсіпкер Бей­біт Досжанов салып берді. Жүз шақты от­басы түтін түтетіп отырған шағын ауылға ме­шіттің қажет екенін ақсақалдар аталмыш ауыл­дан түлеп ұшқан, бүгінде кәсіппен ай­на­лысып жүрген азаматтардың құлағына жет­кізген. Досжан шалдың немересі Бейбіт бір­ден іске кірісіп, төрт айдың ішінде мәнді де сәнді ғимарат тұрғызып, іші-сыртын жаб­дықтап берді.
Бейбіт ДОСЖАНОВ, кәсіпкер:
– Біздің қалтамыздағы қаржы, үйіміздегі байлық – бәрі бір Аллаһтың қалауымен ғана келеді. Демек, біз оны игі істерге, ислам дінін дамытуға жұм­са­­уымыз керек. Намазға жығылып, Мек­кеге барып келген соң осыған көз жет­­кіздім. Бұл – мен қол ұшын беріп, сал­дыртып отырған екінші мешіт. Ендігі ай­тарым, ертең оның есігі құлыптаулы тұр­мауы керек. Күні-түні ішінен құл­шы­лық етуші жамағат арылмағаны жөн.

Жаңажолдағы мешіттің ашылуына Қа­ра­ғанды облысының бас имамы Наурызбай Өт­пенов, Көкшетау мешітінің бас имамы Қа­нат Қыдырмин және Қызылжар орталық ме­шітінің бас имамы Қасымхан Исаев қа­тысты. Жамағатқа уағыз айтылып, мешітте на­маз оқылды. Сөйтіп, қызылжарлық мұ­сыл­мандардың есінде биылғы Құрбан айт жа­ңа мешіттердің ашылуымен қалатын болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста