Құрбан айт құрбан шалу ғибадатымен құнды

Құрбан айт құрбан шалу ғибадатымен құнды

Бүгін күллі мұсылман қауымы өзінің жылына бір рет келетін мерейлі мерекесі Құрбан айтпен қауышып отыр. Адамзат атаулыны ынтымақтастыққа, өзара сыйластық пен жарасымдылыққа бастайтын Құрбан айт құрбан шалу ғибадатымен ерекше.

Ислам қағидаларына сүйенсек, адам баласының ең басты міндеті – Ұлы Жаратушыны тану, өзіне оның тарапынан берілген өлшеусіз жақсылық пен ризық, нығметтер үшін алғысын мінсіз ғибадат арқылы білдіру. Құрбан шалу да – Жаратушы ризашылығына бөленуге бағытталған игі амал. Хазірет Мұхаммед пайғамбарымыз: «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» деген хадисімен құрбандықтың қаншалықты маңызды екендігін ескерткен. Негізі, құрбан шалу – Ибраһим пайғамбарымыздан жалғасып келе жатқан сүннет. Және оның өзіндік тарихы бар. Діни жазбаларға сүйенсек, Ибраһим пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастар ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Аллаға жалбарынады. Бұл тілегі әбден қартайып, ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында қабыл болады. Зарыға күткен перзенті тәтті қылығымен сүйсінтіп, ерекше сүйкімді бала болып өседі. Көзінің қуанышына айналған сол бала қолғабысқа жарап қалған кезде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқандығын көреді. Бұл аянның Жаратушыдан келгеніне көзі жеткен Ибраһим пайғамбар: «Алланың берген жаны – Аллаға аманат» деп, оны қалайда орындауға бекінеді.

Тәуекелге бел буып, бұл шешімін баласына айтады. «Хақ тағаланың бұйрығын қалтқысыз орындаңыз. Мен де сабырлылық, шыдамдылық танытармын» деп, баласы да тартынбастан мойнын пышаққа ұсынады. Бірақ қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылады. Ақыр соңында Хақ тағаланың өзі: «Ибраһим! Сен көрген түсіңе адалдық таныттың. Міндетіңді орындадың.

Исмайылдың орнына құрбандыққа шаларсың дап қошқар түсірдім. Біз жақсы құлдарды осылайша марапаттаймыз» деп аян білдіреді. Аллаға деген махаббатының бәрінен басымдығын дәлелдеп, Ұлы Жаратушысының жолында жалғыз тұяғының жанын пида ете алатындығын паш еткен Ибраһим пайғамбардың әрекеті осылайша кейінгілерге сүннет болып жалғасты.

Әрине, Алла тағала біздің шалған құрбандарымыздың ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Құрбан шалу арқылы адам баласы өзінің тақуалығын дәлелдейді, күнәларына кешірім тілейді. Бір малын қиып, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беру арқылы өзінің бауырмалдық, жомарттық, кішіпейілдік сияқты жақсы қасиеттерін арттыра түседі. Сайып келгенде, осының бәрі – қоғамдық ортадағы ахуалды сауықтырудың, жұрттың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсартудың, сондай-ақ бауырмалдық, адамгершілік, жанашырлық іспетті жақсы қасиеттерді арттырудың амалы.

kurbandik

Қарапайым қағидаға жүгінсек те, адам болмысының дене мен рухтан тұратындығы – анық жайт. Денені күн сайын ішкен-жеген тамақ арқылы қоректендіреміз. Ал сонда рухтың азығы не болмақ? Қанша жерден төрт түлігі сай, төрт құбыласы түгел болса да бәрібір адамға бір нәрсе жетіспей тұрады. Демек, рухымыз да рухани қорекке зәру. Және ол зәрулікті намазымыз бен оразамыз, басқа да ғибадаттарымыз арқылы қанағаттандыра аламыз. Бұл туралы: «Біліп қойыңдар! Жүректер тек қана Алланы еске алу арқылы ғана жай табады» деген арнайы сүре бар. Яғни ғибадат адамның рухына қорек, жүрегіне шипа, ерік-жігеріне қуат, сезімдеріне кемелдік сыйлап, рухани тазалыққа бастайды.

Рас, тақуалық жолына түсу үшін де кемел көзқарас, терең түсінік керек. Өйткені адам – пенде, жүрек – өзгеріп тұратын қалып. Жүректегі иман әлсіреген кезде дүнияуи тірлікке бой алдырып, пендешілік ойларға берілетін адам атаулы, бес күндік жалғаннан басқаның бәрін ұмытады. Қалай болғанда да, әркімнің «мен кіммін, қайдан келдім, қайда барамын?» деген мәңгілік сауалды жадында тұтқаны жөн. Шәкәрімше айтсақ:
Ақыл деген – денеге егулі дән,
Суғарылса, кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы –
Көрген-білген нәрседен
ғибрат алған...
Әрдайым иманымыз берік, ғибадатымыз мінсіз болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста