Құр патентпен EXPO көрмесіне қалай барамыз?

Құр патентпен EXPO көрмесіне қалай барамыз?

Қазақтың басына дәл Ньютон секілді күнде ал­ма құлап жатқан жоқ, әрине. Содан шығар, өнер­тапқыштықта өзге елдің алдына шығып кетпеппіз. Бұған себеп –  ға­лымдарымыз бен қа­рапайым жұрттың  тө­бесіне тоқ етіп құ­лай­­тын Алматы апортының қаттығы я халық-ананың өнер­тапқыштарды өмірге әке­луге «мораторий»  жариялағандығы да емес.  Гәп – өнер­тапқыштарымыз бен олардың тыңнан ой­лап тапқаны қазақтың өміріне енбей, елеусіз, ескерусіз қалуында.
Өнертапқыштарымыздың табыстары өмірімізге дендеп енбеген соң,  өнертапқышпыз деп өзеуреудің жөні жоқ. Батыс елдері ғылыми-техникалық, технологиялық  артықшылықтарына сенімді екен. Ал бізге бұлар серік пе?  Бүгінде тастай түйініп, үлбіреген үмітімізді 2017 жылға ама­нат­тап отырмыз. ЭКСПО-2017 көрмесі –  елдегі өнертап­қыштардың еңсе тіктер кезеңі деп. Бір мезгілде 100 мем­лекеттен келетін 5 миллионға жуық адамға көшпен­ділердің  көш соңында қалмағанын солай ғана дәлелдеу керек онда. 
Елбасы 23 қаңтарда Үкімет мүшелерімен өткізген кеңесте бұл мәселенің өзектілігін ерекше атағаны мәлім. «Индустрияландырудың әрі қарай табысты болуы үшін біз зияткерлік меншікті де қорғауымыз керек. Үкіметке өнертапқыштық пен патенттерді тіркеу рәсімдерін жеңілдетуді және осы көрсеткіш бойынша ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жетуді тапсырамын», – деген еді Елбасы.
Статистика  2011 жылы өнімділік және үдемелі иннова­ция­лар бағытында кәсіпорындардағы инновациялық бел­сенділік 5,7 пайызды, ұйымдастырушылық және мар­ке­тингтік инновация 7,1 пайызды құрағандығын көрсетіпті.  Сон­­дай-ақ ТМД елдері арасында Қа­зақстан Ресей мен  Ук­раинадан кейінгі орында екен. Санға шаққанда, Ұлттық зияткерлік меншік институтының дерегі бойынша, елімізде жылына 1 жарым мың өнертапқыш па­тент алуға өтініш берсе керек. Сонда он мың адамға  бір өнер­тапқыштан келмек.  Ал басқа елдерде ол өнертап­қыш­тардың саны жыл сайын 10 пайызға өсіп отырады екен. Бізде олай емес. Не десек те, бір анығы – жан басына есептегенде ғы­лыми жарияланымда­ры­мыз бен әрбір ғылыми қыз­меткерге тиесілі патенттеріміздің саны жағынан дүниежүзінде бірінші орынды иеленетін Израильге жетпек түгіл, оның өкшесін де баспағандығымыз.
«Ер Төстігім – бір төбе, сегіз ұлым – бір төбе»
Рас, ғылыммен айналысқан ғалымдарымыздан бөлек, ел ішіндегі өнертапқыштарымыз да бар. «Ер Төстігім – бір төбе, сегіз ұлым – бір төбе» дегендейін, ауылдағы өнертапқыштар да – бір төбе.  Екеуін де ортақтастыратын бір проблема: ой­лап тапқандарының өнеркәсіп не өндіріс саласында әжетке аспауы.

                             Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Білетіндер әсіресе өнер­тап­қыш­­­тардың  басым көпшілігі ауыл­да. Олар тұрмыс қажеттілігіне орай өнертабыстарды өмірге көп­теп әкелуде деседі. Бұл да – шын­дық. Ауылда дегеннен шығады. Бір мы­сал. Қарағанды облысы Қарқаралы ау­данының бір ауылында тұратын жеке кә­сіпкер – Мекен Қа­сымұлы Са­рыарқаның са­рышұнақ ая­зында сыр бер­мейтін, қа­қаған қыста қа­тып-семіп қал­майтын суа­ғар (колонка) ой­лап тапқан. Ке­ңес дә­уірінің «көзіне» ай­налған сал­мақ­ты шо­йын суағардан құ­ры­­лымы қара­па­йым, же­ңіл әрі  шү­ме­гіндегі суымен сіресіп қат­пайтын құрылғы жасап шығарған. Құны 60-70 мың тең­гелік, салмағы 50-60 ки­лолық, 40-50 бөл­шектен тұратын «кө­не­нің  кө­зінен» 10-15 килолық, небәрі он шақ­­ты бөлшектен тұ­ратын суағар. Өнер­тап­­қыш әуелі ауыл­дың кей жерлеріне ор­натып бақылаған. Нә­тижесі ойдан шыққан соң,  жаңа­лы­ғы­ның жобасын, сызбасын жа­сап, Әділет ми­нистрлігіне қарасты ұлт­тық зият­кер­лік мен­шік институтынан  өнер­тап­қыш­тығы үшін патент алды да. Бірақ  өнертабысы па­тентпен ғана шектеліп тұр. Оны өн­ді­ріс­ке, қолданысқа қосатын, қол­дау білдіретін ұйым, кәсіпорын жоқ. Алға­шын­да Қара­ғандыдағы «Технопарк» ЖШС-нің  бас­шы­лары  кәсіпкерлікті  қол­дау ниетінде қызығушылық танытыпты. Алай­да бүгінде олар да үнсіз дейді жеке кә­сіпкер.
Мекен ҚАСЫМҰЛЫ, өнертапқыш:
– Бұл суағардың үшеуін ауылға ор­нат­қаныма төрт жыл болды, міне. Со­дан бері бір рет те қатып көрмепті. «Қа­­лай қой­дым, солай ұмыттым» («как поставил, так и забыл») дейді ғой, сол секілді. Төрт жылдан бері ел­дің игіліне жарап тұр. 40 градус аязда да қатқан жоқ. Басқа колон­калар сі­ре­сіп, қатып жатқанда, ол сусыз қал­дыр­ған жоқ.
Қайсыбірінің өнертабысы сұранысты ие­ленсе де, әрі қарай дамытып өркендету­ге қол­дау мен қаржы тұсау. Құзырлы орын­­дардан алған патенттері де бар. Бірақ  пайдасы жоқ патенттен не қайыр?!  Па­тент алу да бұйым  емес. Тек қажетті қар­жы-қаражатын төлеп, тиісті іс-ша­ра­сын жасасаңыз болды. Кез келген иесі, қо­жасы жоқ қаңғып жүрген жаңалықты ием­деніп шыға келуге болады деген  гу-гу де көп. Өйткені патент алуға аса көп қар­жы қажет емес. Ал АҚШ-та – 15 мың дол­лар!
«Ойда отыз сиырдың мүйізі сырқыраса, қырда қырық сиырдың мүйізі сырқырайды»
Тіпті бір кезде бір басылым шетелдік­тер­дің ауылдағы өнертапқыштардың идея­ларын иемденіп кететінін жазған еді. Сарапшылар шетелдіктер қазақ ауыл­да­рында жүздеген өнертапқыштың барын бі­леді дейді. Содан әдейі ауылдарға ба­рып, олардың ойлап тапқандарын оңай ол­жалап не аз-маз ақшаға сатып алып кете­ді. Сарапшылардың айтуынша, қазақ­тың шақша басында туған жүздеген идея шартарапқа шекара асып, онда ғаламат ғылым жаңалығы болып ашылып жатыр. Сөйтіп, шетелдер «өз бидайымызды өзі­міз­ге қуырып беріп отыр». Қазақ қоға­мы­ның өнертапқыштарын өгейсіткені олардың тасын өрге домалатуда.
Әбілда ӘЛІМБАЕВ, экономика ғылымының докторы:
–  Жалпы, аймақта венчурлық қор жоқ. Венчурлық қор ол қандай да бір өнер­­тапқыштың ойлап тапқан жаңа­лы­ғын қаржыландырады. Одан түскен пай­даны өнертапқыш та, венчурлық қор да бөліседі. Бірақ бұл тәуекелділікті қа­жет етеді. Себебі ғалымның жаңа­лы­ғы сұранысты иеленбей қалуы да мүм­кін ғой. Венчурлық қор шетелде жақсы да­мыған. Біздің елімізде кенжелеп тұр. Мә­селен, бүгінде біздің оқымысты, ға­лым­дарымыздың бәрі жылап жүр. Неге? Ғылыми жаңалығын өндіріске, қол­данысқа енгізе алмайды. Ал вен­чурлық қор сол оқымыстылардың көз жасын құрғатар еді. Қорды жасау үшін қандай қадамдар қажеттігін де батыл айта аламыз. Бірінші – қаржы әкім­діктен, одан кейін – республикалық көз­ден, үшінші – жер қыртысын пайда­ла­нушылардың жергілікті бюджетке ау­дарымдарынан, жекеменшік инвес­тордың салымдарынан құралуы тиіс.
EXPO демекші, бұдан біраз бұрын қа­­­рағандылық өнертапқыш Семен Болот­ни­­ков жұмыс істеуі үшін тек кәдімгі су ғана қа­жет жерасты электр стансысын салуды ұсын­ғанын жалпақ жұрт естіді. Автордың ай­­туынша, оның технологиясының келе­ше­­гі зор және Қазақстанның осы идея­ны ЕХРО – 2017 дүниежүзілік көр­ме­сіне алып шығуына болады. Бұл біреу ғана емес. Мұн­дай өнертапқыштар елдің түк­пір-түк­пірінде бар. Бір қызығы, оларға ше­­­тел­дік­тер ынтық, тек біз емес. Бір әт­те­ге­­н­айы – «ауылдағының аузы са­сық­ты­ғы».

Түйін орнына
Биология ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі Мұрат Құрмашұлы өнертапқыштардың бүгінгі ахуалы туралы тап басып айтқаны бар. Ол кісі: «Инновацияны жасайтын – өнертапқыштар. Ал осы өнертапқыштарды қолдап-қолпаштау, құрметтеу қажетті деңгейде емес. Бір ғана мысал айтайын, Жапонияда өнертапқыштарды құрметтеудің шарықтау шегіне жеткені соншалық, оларда ай сайын әрбір көшеде, әрбір ауданда, әр облыста өнертапқыштардың сайысы болып тұрады. Сосын сол сайыстан жеңіп шыққандарды тікелей императордың өзі қабылдауына шақырады, сұхбаттасады, кеңеседі. Өкінішке қарай, біздің әкімқаралар өнертапқыштарды емес, әнші-бишілерді қолдауға бейім. Әрине, бұл жерде  әншілердің еңбегін жеңіл еңбек деп айтудан аулақпын. Бірақ келешекте өркендейміз, елде өндіріс ошақтарын жандандырамыз десек, өнертапқыштарға көңіл бөлінуі қажет. Оларға қатысты Үкіметтің ықылас-пейілі айрықша болуы керек», – депті. Академик ағаларымыздың бұл айтқандарынан асырып не айтқандаймыз?..

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста