Құлаған ағаштар орнына екі есе көп жасыл желек отырғызылады

Алматыда мамырдың 17-сі күні болған дауыл салдарын жоюдың жоспары жасалды. Медеу мен Шымбұлақта түбірімен құлаған 6,5 мың ағаштың орнына екі есе көп түп отырғызылмақ. Сондай-ақ қалпына келген тау бөктерінде жас жұбайлар мен нәрестелер саябағы ашылады. Бұл туралы PosadiDerevo.kz қозғалысының өкілдері хабарлады.
Мұның алдында ҚР қоршаған ортаны қорғау ми­нистрі Нұрғали Әшімов өз блогында апат салдарын жою мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің құры­лым­дық жетекшілері мен Алматыдағы табиғатты қорғау ұйымдары өкілдерінен құралған жұмыс тобы жа­сақ­тал­ғанын хабарлаған болатын. Бұл топ орманды ал­қап­тарды қорғаудың авиациялық шараларын кү­шей­ту, жасыл желек отырғызылатын жерлер мен ағаш қо­ры көлемін анықтау, тал-дарақтарды жел әсерінен қор­ғаудың жолдарын ойластыру, жұмыстардың қар­жы­лық шығындарын есептеу сияқты жұмыстармен ай­налыспақшы. Н.Әшімовтің мәлімдеуінше, қазіргі уа­қытта орманды алқаптардағы ағаштардың саны, кө­лемі мен ауданын анықтау үшін Іле Алатауы ұлттық сая­бағы мамандарының көмегімен ағаш кесу орын­дарын белгілеу және ағаш кесу мөлшерін бағалау жү­йесі енгізіледі. Естеріңізде болса, мамырдың 17-сі күні қатты дауыл болып, жаңбыр мен бұршақ жауған еді. Табиғи апаттың салдарынан Алматы қаласы мен Іле Алатауы ұлттық саябағы аумағындағы мыңдаған ағаш құлап қалып, соның салдарынан бір адам қаза тапты. Ғимараттар мен электр және басқа да инженерлік же­лі­лерге зақым келіп, кейбір тұрғын үй аулаларын су бас­ты.
Олег НОВИКОВ, PosadiDerevo.kz қозғалысының ұйымдастырушысы:
– Ресми мәлімет бойынша Медеу мен Шым­бұ­лақта құлап қалған 6,5 мың ағаштың орнына екі есе көп жасыл желек отырғызбақпыз. Бұған қоса, жал­пыұлттық ағаш отырғызу шарасын жариялай оты­рып, Іле Алатауы ұлттық саябағын қалпына кел­тіреміз. Ал қыркүйекте Медеуде жас жұбайлар мен нәрестелер аллеясын ашуды жоспарлап отыр­мыз. Біздің қоғамдық қозғалыс жасөспірімдердің жа­сыл желек отырғызуға қызығушылығын арт­ты­ру­ды көздейді. Қоршаған ортаның келешегі – со­лардың қолында. Біз «Табиғат» экологиялық ода­ғымен бірге Алматының бұлақтарын және апорт ал­масын жандандыруды да қолға алдық. Қала бойынша 1,5 жыл ішінде біздің бастамамызбен 1500 ағаш отырғызылды. Оның ішінде, 475 түп апорт егілді. Біз бұл жұмысқа жайдан-жай емес, тұ­қымды клондау сияқты ғылыми-зерттеулер нә­ти­­жесінде келіп отырмыз, ағаш егілгеннен кейін оны екі жыл бойы күтіп-баптаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста