Құлағалы тұр: Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде оқушылар мектепке бара алмай отыр

Ақтөбе облысындағы Теміркөпір ауылының тұрғындары балаларын сабаққа жібермей отыр. Өйткені апатты жағдайдағы білім ошағы құлап қала ма деп қорқады. Жазда жаңа мектептің құрылысы басталмаса, елдімекендегі ескі ғимараттың табалдырығын ешбір оқушы аттамайды деп ашулы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Осы талабын аймақ басшысына айту үшін ауыл тұрғындары 150 шақырым жерден арнайы келген. Алайда облыс әкімін сағаттап күткенімен, Оңдасын Оразалин әдетінше шыққан жоқ.

Теміркөпір ауылының балалары екі күннен бері мектепке бармай отыр. Құлағалы тұрған ескі ғимаратта оқығанша, әріп танымаса да үйде отырсын дейді ата-аналар. Жазда жаңа мектеп құрылысы басталмаса, оқушыларды келер оқу жылында да сабаққа жібермеуге бекініп отыр. Бүгін осы талабын айту үшін тұрғындар 150 шақырым жерден облыс әкімдігіне арнайы келген.

“Саманы шөгіп жатыр. Қабырғасы сөгіліп жатыр. Төбесі желпілдеп тұр. Есігі селкілдеп тұр. Оған кім жібергісі келеді? Мектепке кеше барған жоқ. Бүгін барған жоқ, мінекей”, – дейді Теміркөпір ауылының тұрғыны Нәдірбек Есенбаев.

“Ешқандай да құр сөздің керегі жоқ. Бізге нәтиже керек. Мына атааналар айтып тұр. Балаларды мектепке жібермейміз. Дұрыс істейді. Міне, мектеп салынады, табан тасы тартылады деген кезде ғана біз мектепке жіберуге дайынбыз. Оған дейін жібермейміз”, – дейді ауыл тұрғыны Тюльпан Дүшебаева.

Теміркөпірдегі ескі мектептің жайын осыдан бір жарым ай бұрын айтқан едік. Ол кезде шенеуніктер уәдені үйіп-төгіп, әне-міне құрылыс басталады деген болатын. Енді биыл мектептің салыну-салынбауы неғайбыл деп отыр. Оның үстіне ауылда бала аз деп ақталыпты. Онымен Теміркөпірдегілер келіспей арнайы санақ та жүргізген. Шұрық-тесік жолмен шалғайдағы ауылдан әрең жеткен ауыл тұрғындары облыс әкімі Оңдасын Оразалинмен кездесуді талап етті.

“Санақ жүргіздік ауылда. Баланы саны 93-83-тен асып тұр. Ешқандай нәтиже жоқ. Біздің келген мақсатымыз - осы жаққа біздің ауылға жаңа мектеп. Балалар жылы жылында осындай мектеп салсын. Біздің талап  қазір облыс әкімі Оразалин мырза шықса екен”, – дейді тұрғындардың бірі Еламан Қапанов.

Аймақ басшысы бұрынғы әдетінше талабын айта келген ауыл тұрғындарымен кездесуге құлық танытпады. Өзінің орынбасары мен құрылысқа жауапты басшыны жіберіпті. Олар қыркүйекке дейін мектеп салынбайды деп ашық айтып отыр. Құжатын енді реттеп жатыр. Ал балаларды келер жылы ауылдағы аядай бір үйді сатып алып соған оқытпақшы. Оған отыз оқушы екі аусыммен оқығанның өзінде сымайды деп шырылдайды тұрғындар.

Әкіммен кездесуден күдер үзген тұрғындар енді ауылға арнайы келетін комиссияны күтпекші. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мүмкін солардың арасынан табылар деп үміттенеді.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста