«Queen of University-2019» Сұлулық байқауы
2019 жылдың 3 көкегінде «Мирас» салтанат сарайында Халықаралық білім беру корпорациясы, Қазақ-Америка Университеті «Queen of University-2019» сұлулық байқауын өткізеді. Жыл сайын өткізілетін бұл шара – ҚАУ студенттері арасындағы көркемөнерпаздар үшін өздерінің ішкі шығармашылық мүмкіндіктерін ашатын айтулы шара екендігі сөзсіз. Көпжылдық дәстүрі бар (ол алғашқы рет 1998 жылы ұйымдастырылып, өткізілген болатын) байқауды өткізудегі басты мақсат – жас ұрпақты қоғамдық және мәдени ортаға тарта отырып, олардың бойында жоғары эстетикалық талғам мен салауатты өмір салтына, адамгершіліктің жоғарғы шыңдарына жетелей отырып, жастардың шығармашылық қуатын ашып, оларды жан-жақты дамыту. Байқау – қыздардың тек сыртқы сұлулығы мен тартымдылығына таңдау жасамай, байқау шарттары арқылы олардың қайталанбас бейнесін сомдап, таланттарын ашуға түрткі болмақ.
Біздің әріптес ұйымдарымыздың көмегімен бұл байқау жоғары деңгейде өтіп қана қоймай, түрлі БАҚ насихатталып, әлеуметтік желілерде студенттер өз пікірлерін білдірсе, әріптестеріміз өз қызметтерін жарнамалау мүмкіндігіне ие болып келеді.
Биылғы жылы байқау аясында «Ерке – Нұр» Сән үйі өздерінің ұлттық киім үлгілерін конкурсанттар арқылы насихаттау мүмкіндігіне ие. Байқау бес тур бойынша өтіп, «Queen of University» титулының жеңімпазы анықталмақ. Кеш бойы ҚАУ студенттері байқау турларының арасында концерттік және би өнерін көрсетпек.
Дүрия Даниярова
т.ғ.к., ХБК ассоциацияланған профессоры