Құдықтан су емес, керосин шыққанын естідіңіз бе?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Семей экологтары елдің ертеңіне алаң. Өйткені осыдан 40 жылдай уақыт бұрын жер астына сіңген керосиннің Қазақстанды қойып, көршілес мемлекеттерге де залалы тиюі мүмкін. «Дер кезінде алдын алмаса, экологиялық апатқа ұшырауымыз ықтимал» деп мамандар дабыл қағуда.

Семей маңында бұрын ескі әскери аэродром болған. Керосин көлі содан қалған қасіретті «мирас». Сол кезде әуежай маңындағы әскери бөлімше қарамағында жер астына көмілген авиациялық жанармай цистернасының тесілуі салдарынан ондағы алты мың тоннадан астам керосин бірте-бірте жер астына сіңіп кеткен. Ол 70-інші жылдардың тұсында болған еді. Сол кезден бастап, ол жердің қойнауы керосинді көлге айналған.

Төгілген керосиннің кесірі аудан тұрғындарына ауыр қасірет болды. Жергілікті халық үшін ауызсу – басты мәселе. Суының дәмі керосин татыған ауладағы құдықтардан да еш қайран жоқ. Соның салдарынан бір жұтым суды қарапайым халық үш шақырымдай жерден тасып ішіп отыр. Әсіресе, Аягөз көшесінің тұрғындары таза ауызсуға зәру.

Аудан тұрғыны Нүрзия Мергембаеваның жер астындағы керосинді кәдеге жаратып, нанын айырып жүргеніне – 13 жыл. «Су жоқ екен деп қарап отырған жарамас. Беретін адамға Құдай қисынын келтіріп береді ғой» деген қағиданы ұстанған ол, алдымен жазғы сарайдың ішінен тереңдігі төрт метрлік құдық қаздырады. «Сол кезде жер астындағы таза керосинді көргенде сенбедім, таңғаларлық жағдай болды», – дейді Нүрзия.

Жер қойнауынан алынған су аралас керосинді алдымен қалқып, өнімді бөлек құйып алады. Ал түбіндегі су араласқан керосинді сүзгіден өткізеді.

Тынымсыз еңбек келіншектің денсаулығына да әсер етпей қоймады. Осы уақыт аралығында бронхит, астма сынды дертке душар болған.

Нүрзия Мергембаева, Аягөз көшесінің тұрғыны:
– Бастапқыда құдықтан күніне 150 литрге дейін жанармай алып жүргенмін. Ол кезде не, литрін 5-ақ теңгеден саттым. Кейіннен керосин күрт азайды. Қазір денсаулыққа байланысты құдыққа көп түсе де алмаймын. Сондықтан күніне 5 литрдей аламын. Содан жинап-жинап, жұмасына 30-40 литр апарып сатамын, литрін 40 теңгеден. Жарыққа төлеймін, газымды аламын. Ол да болса қайда жатыр? Кім маған ақша береді? Жасым болса 50-ге келді. Ешқайда жұмысқа алмайды.

Қараусыз жатқан керосиннен келер қасірет тіпті орасан. Мәселен, арада қанша жыл өтсе де, жергілікті тұрғындарға керосинді ауамен демалып, кей кездері жанармай иісі мүңкіген жеміс-жидектерді жеуге тура келеді. Олардың айтуынша, әсіресе жаңбырлы күндері және көктемде айналаны керосин иісі алып кетеді екен. Ал ластанған суды адам түгіл, төрт түлік мал да ішпейтін көрінеді.

Күмісай ОСПАНОВА, Аягөз көшесінің тұрғыны:
– Итке де, тауыққа да бұл суды бермейміз. Уланып қала ма деп қорқамыз. Қол да жумаймыз. Моншамыз бар, оған да суды алыстан тасимыз. Қазір біздің басты проблемамыз ауызсу болып отыр. Суды теміржол өткелінен өтіп барып тасимыз. Бір жұтым су тасимын деп жүрген қанша адамды пойыз басып кетті. Тіпті бірінің аяғын, бірінің қолын кесіп кеткен де кездер болды. ХХІ ғасырда осылай өмір сүріп жатқан жайымыз бар.

 Осыдан 15 жыл бұрынғы зерттеудің өзі жерасты суының 15 шаршы шақырымы ластанғанын көрсеткен. Содан кейінгі жағдай әлі беймәлім. Экологтардың айтуынша, керосин төгілген жер мен Ертіс өзенінің арасы небәрі екі шақырым ғана. Егер жерге сіңген керосин трансшекаралық өзенді ластайтын болса, одан көршілес мемлекет те зардап шегеді.

Айта-айта жауыр болған мәселе қашан шешімін табары белгісіз. «Тек Ертіске араласып кетіп, мемлекетаралық дау тумаса болғаны» деп отыр мамандар. Ал тұрғындардың құдығын ластап, егінін улаған керосинді шелектеп сатып, күн көруден басқа амалы жоқ. Қаланың іргесінде отырып, бір жұтым суға зар болған халық жергілікті билікке де сенуден қалған. «Тек қара күшімізге ғана сенуге мәжбүрміз», – дейді керосин мүңкіген ауыл ағайыны.

Оразғайша МАҚАНОВА, Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы:
– «Керосин Ертіске таяп қалды» деп кесіп айту қиын. Өйткені маңайға толықтай зерттеу жүргізілген жоқ. Жерасты суының қазіргі жағдайына қатысты да тура қазір ештеңені кесіп айта алмаймын. Бірақ бұл мәселені шешу керек. Бұрын осы мәселеге қатысты шетелдік ұйымдар арнайы ақша бөлген болатын. Мәселе тағы да қаржыға тірелуде. Дер кезінде алдын алмаса, экологиялық апат болуы да мүмкін. Әйтеуір бастапқыда сол жерге 6 460 тонна керосин төгілгені белгілі.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста