"Құдай ұлымды панасына алсын": Құдыққа түсіп көз жұмған 5 жасар баланың әкесі жүздеген адамның алдында ұлымен қоштасты
Мароккода бес күн құдықта жатып қайтыс болған бес жасар баланың әкесі жерлеу рәсімі кезінде ұлымен эмоционалды түрде қоштасты. Жүздеген адам кішкентай балаға құрмет көрсету үшін жиналған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме беріп.
Оқиға өткен сейсенбіде Солтүстік Шефшауен провинциясындағы Игран ауылында болған. Үйінің жанындағы 105 футтық шахтаға Райан Аврам құлағаннан кейін апаттық бригадалар құтқару операциясын жариялап, шахтаны қаза бастаған.
Сенбі күні құтқарушылар мен жансақтау қызметі мамандары баланы шығарып алған.
Алайда шенеуніктер баланың қаза болғанын растады, ол құтқарушылар келгенге дейін қайтыс болыпты.
Бүгін аза тұтушылар Марокконың солтүстігінде орналасқан зиратқа апаратын төбелі жолмен көтерілді, онда олар мұсылмандық жерлеу рәсімдерін көру үшін бірнеше сағат күтті.
Райанның анасы Вассима Харчич пен әкесі Халед Ауррам зиратқа жедел жәрдеммен жеткізілгенде жергілікті Chouf TV- ге: "Құдай ұлымды панасына алсын", – деді.
50 жастағы ауыл тұрғындарының бірі жерлеу рәсімінде осыншама адамды ешқашан көрген емеспін, дейді. Райан- бәріміздің ұлымыз, дейді ол тағы.
Ауылдың тағы бір тұрғыны: "Райанның өлімі адамзатқа деген сенімді жандандырды, өйткені әртүрлі тілдерде сөйлейтін және әр елдерден келген адамдар оны сыйлап келіп отыр" – деді.
'Қатты қайғырып тұрмын. Біз баланы аман алып қалу үшін бар күш-жігерімізді салдық. Біз бес күнде бірнеше аптаға созылатындай жерді қазып алдық", – деді жерлеуде ерікті ретінде жер қазған Али Сахрауи журналистерге.
Сондай-ақ, "Аль-Иттихадта" футбол командасында ойнайтын 31 жастағы мароккалық халықаралық дәрежедегі футболшы Абдерразак Хамдаллах Райанның отбасына "қайғырып көңіл айтты" және оларға көмектесіп, аздаған қуаныш сыйлау үшін" үй сатып алуды ұсынды.
“Бес қиын күнді бастан өткердік. Жүректерімізді суырып алғандай болды. Барлық арабтар мен мұсылмандардың, тіпті бүкіл әлемнің”, – деді ол.
Марокко Королі VI Мохаммед отбасына көңіл айтып,өткен аптада құтқару бригадалары мен жергілікті тұрғындардың әрекетін мақтады.
Франция президенті Эммануэль Макрон да сенбіде Марокко халқының қайғысын бөлісетінін жеткізді.
Еске салсақ, Райян есімді бес жасар бала 5 күн бұрын тереңдігі 32 метр, ені 45 сантиметрдей құрғақ құдыққа құлап кеткен. Баланы құтқару операциясы осы күндері жалғасты. Жұмысқа экскаваторлар тартылып, құтқарушылардың балаға жетуін жеңілдету үшін терең қазу жұмыстары жүргізілді. Операция барысы тасты жердің кесірінен қиын болды, құтқарушыларға топырақтың шөгіп кетпеуі үшін мұқият әрекет ету керек болды.
Райанды құтқару операциясын бүкіл әлемде бақылады. Бұл жағдай жаһандық БАҚ-тың назарын аударып, араб әлемін біріктірді. Оқиға орнына жиналған халық құтқарушыларға көмектесіп, бала үшін дұға еткен еді.