ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы жоғары әскери атақтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы жоғары әскери атақтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары әскери және арнайы атақтарды, сыныптық шендерді беру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Нұрлан Секенұлы Орманбетовке авиация генерал-лейтенанты, Жандарбек Сәдуұлы Жанзақовқа вице-адмирал, Лут Сапуұлы Әлшекеновке, Нұрлан Мұсақанұлы Қашағановқа генерал-майор, Айдын Ақанұлы Айымбетовке, Нұрлан Жанайдарұлы Кәрбеновке авиация генерал-майоры атақтары берілді.
Одан басқа, бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде Иманғали Тасмағамбетов ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді  ІІ дәрежелі «Айбын» ордені, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапаттады, сондай-ақ армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсінін табыстады.
«Ең алдымен Сіздерді тұтас еліміздің айбынды мерекесі, ал сіз бен біз үшін кәсіби төл мейрам – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге мәлім, Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы: «Біздің Тәуелсіздігіміздің тірегі – халықтың игі істері, ал білегі – оның Қарулы Күштері» деп бұл күнді қашанда ерекше атап, бөлекше бағалап жүреді.
Десе де бұл Елбасы мен еліміздің тілегінен шыққан жай ғана қанатты қағида емес. Барша азаматтарымызға таңылған табиғи талап. Мәртебелі де маңызды міндет.   
Бұл міндетті орындауда, әрине, еліміздің әр аймағында, аспанымыздың биігінде, теңізіміздің көгінде Жоғарғы Басқолбасшының үмітін ақтап, мемлекеттің абыройын сақтап жүрген өздеріңіз сияқты әскери адамдарымыздың орны да, орайы да бөлек. Сондықтан да осында отырған өздеріңіз бен қазір әскер сапында, Отан шебінде тұрған барша әскерилеріміздің биыл міне ширек ғасырға ұласқан Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітуге қосқан және әлі де қосатын үлесі зор.
Осы орайда, бүгін – Отан қорғаушы күніне орай  Елбасымыз – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел алдындағы адал да абыройлы әскери қызметі үшін бір топ азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Үкімге қол қойған болатын. Өз кезегінде, менің бұйрығыммен бірқатар әскерилерге әскери шендер беріліп отыр.
Міне, бүгін сол награда мен шен иелері - өздеріңізбен ізін суытпай Елбасының тапсырмасын орындау ниетімен кездесіп отырмыз. Олай болса осынау тәуелсіз еліміздің мемлекеттік наградалары төстеріңізде жарқырап, иықтарыңыздағы шендеріңіз асқақтап жүре бергей. Баршаңызды тағы да алда келе жатқан Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін», - деп Қорғаныс министрі ыстық лебізін білдірді.
Мереке қарсаңында қызметтік жұмыс қорытындысы бойынша анағұрлым ерекшеленген, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштері имиджінің нығаюына үлес қосқан офицерлер көтермеленді. Сонымен, ІІ дәрежелі «Айбын» орденін ӘТК бас қолбасшысының (ТИЖ жөніндегі) орынбасары –  ҚР ҚК ӘТК БҚБ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы 1-дәрежелі капитан Серік Борамбаев, ҚР ҚК Оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы Есенкелді Орманбек, Бас қолбасшының (қару-жарақ жөніндегі) орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ Қару-жарақ бас басқармасының бастығы  полковник Асылбек Сатыбалдинов.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарын Әскери-техникалық ынтымақтастық басқармасының бастығы – ҚР ҚМ ӘТСД бастығының орынбасары полковник Ержан Айтақов, бөлім командирінің орынбасары – 83205 ә/б материалдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы подполковник Мүслім Байтұров, аға инженер – ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК ҚБ маңдайшептік авиацияны пайдалану бөлімінің инспекторы подполковник Сергей Исаков және ҚР ҚК БШ СЖД ҚР ҚК дамыту басқармасының бастығы полковник Нұрлан Қожабеков иеленді.
Одан басқа, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің мүсінімен 10216 ә/б командирі полковник Талғат Әжібаев марапатталды.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста