ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттықтыру өтті

Әуе қорғанысы күштері байланыс әскери бөлімдері әскери қызметшілерінің жеке құрамы ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізді. Онда Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің әртүрлі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтады.
Әуе қорғанысы күштерінің барлық байланыс әскери бөлімдерінде кешенді жаттықтыру өткізілді. Далалық байланыс торабы жедел кезекшісінің белгісі бойынша батальондар жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді және толық құрамда қолдану аудандарына марш жасады.
Өрістету орындарына келгеннен кейін тропосфералық станциялардың бастықтары алдын ала барлауды жүргізді және бағынысты экипажға тапсырмалар берді.
Бұл далалық оқу-жаттығуда бөлім командирі полковник Ойрат Әтікеновтің басшылық етуімен 78460 әскери бөлімінің әскери қызметшілері капитан Валерий Көбелдесов, Әнуар Мұсатаев, аға лейтенант Виктор Митин және лейтенант Ербол Медеубеков ерекшеленді. Бұл әскери қызметшілер байланыс батальоны командирінің картасы бойынша станцияны өрістетуді сенімді басқарды. Сонымен қатар сапалы және сенімді байланысты қамтамасыз етіп, антеннаны тілшіге дәл бағыттаған тропосфералық байланыс ротасының командирі майор Равшан Душабаев жақсы жағынан көрінді.
«Әскери бөлімнің жеке құрамы үшін апта сайын өткізілетін жауынгерлік және тактикалық-саптық даярлық жоспарына сәйкес жыл сайын экипаждар үйлесімді жұмыс жасауда, өздерінің машығы мен кәсіпқойлығын арттыра отырып, қойылған тапсырманы уақтылы және сенімді орындайды», деді 78460 ә/б командирі полковник Ойрат Әтікенов.
Далалық жаттығу қорытындысы бойынша жеке құрам қойылған тапсырманы орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
«Далалық шығудың қысқа мерзімі ішінде оқу-жаттығу сапалы өтті. Жеке құраммен радиолокациялық станцияларға арналған орлар қазылды, бүркемелеу және байланыс орнату ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу барысында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша сабақтар, сондай-ақ диверсиялық барлау топтарының шабуылдарын тойтару жөнінде қосымша кіріспелер өткізілді», - деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы бас штабы бастығының орынбасары полковник Ғани Байсейітов.  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста