Қазақстан Қарулы Күштерінің көне 44859 әскери бөлімі құрылуының 85 жылдығын атап өтуде. № 4 әскери қоймасының базасында 1930 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары Ауғанстанға интернационалдық көмек көрсету үшін құрылған бұл бөлім өндіруші зауыттардан дайын әскери өнімді сақтауға қабылдады және үздіксіз оқ-дәрілер бар эшелондарды майданға жөнелтіп отырды.
«Біздің бөліміміз расында да аңызға айналған. Соғыс жылдары майданды қажетті оқ-дәрілермен қамсыздандыра отырып, армияны қамтамасыз ету көзінің бірі болды», - деп атап өтуде бөлім командирі полковник Көпжан Нұрмаханбетов.
85 жыл ішінде әскери бөлім көптеген өзгерістерді бастан кешірді.
Бүгін еліміздегі бірден-бір оқ-дәрілер мен бытыраларды сынамалау бойынша зертхана құрылды, зениттік басқарылатын зымырандарды сынақтан өткізу жөніндегі цех іске қосылды. Өткен жылдан бері инженерлік оқ-дәрілер мен атыс қаруына аранлған оқ-дәрілерді кәдеге жарату бойынша жабдықты пайдалану басталды.
Бүгінгі күні мұнда Қарулы Күштерде ең үлгілі болып саналатын жаңа абаттандырылған үйлері бар тұтастай әскери қалашық орын тепкен.
Бөлімдегі жеке құрамды жан-жақты дамыту мақсатында 500 орындық мәдени-тынығу орталығы, ашық спорт кешені және балалар спорттық-ойын алаңдары құрылған, ал әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін жетілдіру және біліктіліктерін арттыру үшін 2005 жылдан бастап жыл сайын тактикалық-арнайы, техникалық, атыс, инженерлік, өртке қарсы, саптық, мемлекеттік-құқықтық және әскери-медициналық дайындық бойынша курстар өткізіліп тұрады.
Алаш айнасы