Қостанайда адам өлтіргені үшін сотталған Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Сурковтың жазасы жеңілдетілді.
Иван Владимирұлының бостандыққа шығуына мекеме қызметкерлері көмектесті, деп жазады Аlau.kz-ке сілтеп Stan.kz.
Қарияны еріктілер мен қала тұрғындары гүлмен күтіп алды. Қария тұрғындармен кездесуде көзіне жас алды. Иван Сурков жазасын үй қамақта өтейтін болды.
Жоғарғы сот бұл туралы ресми ақпарат жариялаған жоқ.
Айта кетейік, соғыс ардагері Иван Сурковты туысын өлтіргені үшін 7 жылға соттаған болатын. Жәбірленуші тарап аппелияцияға шағымданып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Қария 4 жылға сотталды.