Полицияның деректері бойынша, марқұм алкоголизм бойынша есепте тұрған.
Қостанай облысы Лисаковск қаласында бес қабатты тұрғын үйдің пәтері өртенді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Оқиға 10 наурызға қараған түні болған.
Құтқарушылар төтенше жағдай орнына 6 минутта жеткен. Аумағы 40 шаршы метр пәтерде жиһаз бен киімдер өртенген. Өрт сөндірушілер зейнет жасындағы адамның мәйітін тапты.
«Полицияның деректері бойынша, марқұм алкоголизм бойынша есепте тұрған. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның жеті адамы және екі бірлік техника жұмылдырылды», – деп хабарлады облыстық ТЖД.
Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Қалған тұрғындар зардап шеккен жоқ.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, сараптама тағайындалды.