Бейне әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылды. Кадрларда ересектермен бірге бір топ кішкентай балалар отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Alau ақапараттық порталына сілтеме жасап.
Видеода балалар мультфильм тамашалап отырған көрінеді. Бүлдіршін еңбектеп жүруге тырысады. Алайда тәрбиеші оны жейдесінен жұлқып, қолынан тартып орнына қояды.
Кейін бұл оқиға Қостанайдағы «Аманат және К» түзету орталығында болғандығы белгілі болды. Орталықтың басшысы Шынар Жалмұхамедова өзінің Instagram парақшасында мәселенің мән-жайын жариялады.
«Бүгін біздің орталықта өрескел жағдай болды. Тәрбиешінің көмекшісі балаға дөрекілік танытты. Ішкі тексеру жүргізіліп жатыр. Маман біздің орталықта 1 ай жұмыс істеді. Ол жұмыстан шығарылды. Видеоға қасында отырған практикант студент түсірген. Біз сәйкесінше шара қабылдаймыз», - деді орталық басшысы Шынар Жалмұхамедова.