Қостанай облысында жүк пойызы үш жылқыны қағып кетті

Қостанай облысында жүк пойызы үш жылқыны қағып кетті

Қостанай облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Жыл басынан бері көлік полицейлері теміржолдарда қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін 6813 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ пойыздардың шұғыл тежелуінің 288 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен – 62, үй жануарларының теміржол төсемінде болуымен байланысты 182 жайт тіркелген.

Көліктегі ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдахановтың айтуынша, 25 наурызда Қостанай станциясындағы желілік полиция бөліміне Темірбұлақ – Қостанай Оңтүстік аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылар болғандықтан шұғыл тежеу қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті. Polisia.kz мәліметіне жүгінсек, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан үш жылқыны қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 24 минутты құрады.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жылқылардың иесі анықталды. Ол Қостанай облысының 40 жастағы тұрғыны болып шықты. ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кету керек, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде осы жылдың бірінші тоқсанында пойыздардың шұғыл тежелуінің саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34%-ға төмендеді», – деді Д.Молдаханов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста