Қорықтар туралы арнайы заң қажет

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Тұмса табиғаттың тылсым құбылыстарының мекені – қорықтар әр сәт сайын өзгеріске түсіп, адам­ның бей-берекет әрекетінен жөн-жосықсыз пайдаланылып келе жатқа­нын әркім біледі. Бірақ жылдан-жылға өркен жа­йып өсудің орнына өшкелі жатқан тылсым дүниені қалпына келтіру мәселесін естір құлақ табылмай тұрғандай көрінеді. Қара аспанды төндіргеніміздің басты себебі Қазақ елінің барша қорықтарының алдында тұрған өткір жағдай болып отыр.
Атап айтқанда, осы бір ғажайып әлемді қорғап, оны бүтіндей болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру бүкіл әлем ғалымдарының көкейкесті әңгімесіне айналып отыр десек қателеспейміз. Өйткені жыл өткен сайын орман-тоғайлар мен көлдерді мекендеген аңдар мен құстардың аза­йып бара жатқандығы, жабайы аңдардың тіптен сау­сақ­пен санарлықтай санға дейін кеміп кетуі тұтас қоғамды да алаңдатуда.
Қорық – аумағындағы барлық табиғи кешен толы­ғы­мен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер немесе су кеңістігі.
Алайда қазіргі таңда осы бір қорықтарды да қорғау деңгейі шынымен төмендеп бара жатқандай болып көрінеді, көрінеді емес-ау, шынымен де солай. Қазір Қазақ елінде 10 қорық пен 100-ден астам қорықшалар бар. Бұл ерекше қорғалатын аумақтарда «Қызыл кітапқа» енгізілген жан-жануарлар өсіріледі. Алайда табиғат байлықтарының ішінде тұқымы тұздай құрып, тірідей жойылып бара жатқан бұл жануарлардың одан сайын құл­дырап, жағдайдың мүлде ушығып бара жатқанын естіген­де көңілің құлазып, мүлде нали түсесің.
Дәл қазір еліміздің қай тұсын алып қарасақ та, ор­ман-тоғайлар мен өзен-көлдердің тартылып жатқанын бай­қаймыз. Мамандардың есептеулеріне қарағанда, елі­міз­дің жерінің жартысынан астамы шөлге айналып, та­қырланып барады. Ал оған тосқауыл қою үшін тек мем­лекеттің пәрменді әрекеті қажет.
Мәселен, Ақсу–Жабағылы, Марқакөл қорықтарын­да­ғы жағдайдың да мәз еместігі байқалады. Елімізде ең алғашқы болып қорғалған бұл қорықтарда да «Қызыл кітапқа» енген аң-құстар мен өсімдіктерді қорғауға қау­қардың жетпейтінін айтып дабыл қағуда.
Бұл орайда Ақмола облысында орналасқан ірі қорық­тар­дың бірі Қорғалжын қорығы жайлы да ауызға алмай кету мүмкін емес. Кезінде тұтас Кеңес Одағы ғалым­да­рының аузының суы құрып айтып отыратын ірілі-ұсақты көл­дердің арасына орналасқан қорықтың бүгінгі жағда­йы көңілді көншітер емес. Теңіз-Қорғалжын көлдері ау­мағында орналасқан бұл қорық 1958 жылы құрылған. Жер аумағы 258 мың гектарды алып жатқан қорықта 300-ден астам өсімдіктер мен сүтқоректілердің – 37, құс­тар­дың 294 түрі тіршілік етеді.
Бұл қорықтағы ең маңызды әрі дереу шешуді қажет ететін басты мәселе өзендер мен көлдерде судың мейлінше тартылып кетуі болып отыр. Себебі мұндағы Теңіз және Қорғалжын көлдеріне құятын Нұра өзенінің тартылуы осында мекендеген қызғылт қанатты қоқиқаз т.б. экзотикалық жануарлар мен құстардың мүлде құрып кетуіне әкелуде.
Кезінде қорықта құс өте көп болған­дықтан, бұл жерді «Құс базары» деп те атайтын. Аталмыш қорықта дүниежүзінде өте сирек кездесетін қызғылт қоқиқаз мекен­дейді. Ол қазақ жерінде тек осы жерде ғана ұя салады.
Жаңағы түсі қызғылт қоқиқаздар дүр етіп аспанға ұшқан кезде көл тұтастай қызыл алау шарпығандай болып, ерекше шұғы­лаға бөленеді. Сондықтан бұл құсты жергілікті халық «қызылқанат» деп те атайды.
Ал соңғы статистикалық сандарға қара­сақ, бұл өңірдегі осы бір ғажайып құстар енді аздаған жылдан кейін мүлде жойылып кете ме деген қауіп те жоқ емес. Эколог­тердің мәлімдеуінше, 60-жылдары 50-60 мың шамасында болған Қорғалжынның қоқиқазы 2000 жылдары 10-15 мыңға дейін азайып кеткен. Ал қазіргі күні тіптен аз.
Мұрат АЙТЖАНОВ, Қорғалжын мемлекеттік қорығының директоры:
–  Қорықтардың жағдайы шынымен де қорғауды қажет етіп отыр. Мемлекет та­рапынан жаңа бағдарлама қабылданып, әрбір мемлекеттік қорықта алдымен кадр мәселесі, одан кейін бүкіл құрал-жабдық­тарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ аң аула­ғандарға қарсы заңды қатайту қажет. Тек сонда ғана мүшкіл халге түскен қорықтардың жағдайы оңалар деген ойдамын.

Қазір әрбір жабайы жануарлар дүниесі қорықты бақылаушылардың тікелей ба­қылауына алынған. Соның өзінде бра­коньерлердің шабуылы тыйылмай, кадрлық және техникалық жетімсіздікті тартқан­дықтан, оларды ауыздықтап, қылмыстық жауапкершілікке тарту да қиынға соғуда.
Әнуарбек САҒИТОВ, Ақмола об­лыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы:
– Бүгінгі таңда өңірдегі қорықтар мен қорықшалардағы жағдайды реттеу, яғни онда мекендеген аң-құстарды қалпына келтіру өте қиынға соғуда. Өйткені бюджет тарапынан табиғатты қорғауға, қорықтарды қалпына келтіруге жүйелі түрде ақша бөлінгенімен, қорықтың тіршілігін көзінің қарашығындай сақтауға ұмтылғандардың қатары аз. Қорықтың жағдайы шынымен де қорқытып барады. Өйткені жабайы аң-құстарды аулайтын­дарға батыл қадам жасауға әлі де болса шамамыз жетер емес.
Сонда қайтпек керек? Қалай етсек тұмса табиғат алаңы болған қорық­тардың қаймағы бұзылмаған қалпын сақтап қала аламыз? Бәлкім, қорықтарды реттеу туралы арнайы заң қажет шығар. Тіпті болмағанда мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жағдайы айтыла-айтыла жауыр болған қорықтардың жайын қорғауға шынымен де кіріскеніміз жөн бе? Қалай дегенмен де, әсем табиғатты қорықтарды құлқынның қамы үшін теріс пиғылда жұмсап жатқандардың қатарын сиретуге белгілі бір қатаң шара қолданған жөн болар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста