Естеріңізге салсақ, ҚР ІІМ М.Ахметжановтың тапсырмасымен жол қозғалысы ережесін бұзушыларды уақтылы анықтау, жол қозғалысын автоматты қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында, "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасы әзірленіп, іске қосылған еді. Бүгінде аталған жоба өз нәтижесін беруде.
Бұл бағдарламада "Сергек" тіркеу камералары, ІІМ Жедел басқару орталығы мен мобильді қосымшалардың мүмкіндіктері біріктірілген. Осы арқылы полиция қызметкерлерінің планшеттеріне дабыл түседі, бұл оларға құқық бұзушылықтарды онлайн-режимде анықтауға мүмкіндік береді.
Мәселен "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша "Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" бойынша 341 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаса, "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу", яғни 590-бабы 4-бөлігі бойынша 28 жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. Айыптұрағына 2940 автокөлік қойылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері аталмыш мобильді қосымша көмегімен тексеруден өтпеген, айыппұлы төленбеген жақын маңдағы автомобильдер туралы мәлімет біле алады. Оған қоса жол қозғалысы ережесін бұзудың басқа да жайттарын анықтай алады.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өйткені, жол қателікті кешірмейді!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі