«Қонақүйге барса қайтеді?». Алматылық бассейнде жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарды
Әлеуметтік желіде жұрттың көзінше бассейнде «жыныстық қатынасқа түскен» жастарға қатысты видео тарады. Видео авторлары «Қонақүйге барса қайтеді? Неліктен олар үшін мен ұялуым керек?» дегенді айтады.
Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов қоғамдық орында болған ерсі жағдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп бұзушыларды ұстағанын, алайда олардың бассейнде жыныстық қатынасқа түскенін жоққа шығарғанын жеткізді.
«Бұл жағдайдың әдепсіз қылық екені белгілі, бірақ оны бассейнде жүрген кішкентай балалар көруі де мүмкін ғой. Бұл балалардың психологиясына соққы болуы мүмкін. Бірақ олар бассейнде болған фактіні жоққа шығарды», - деп жазды Рүстем Әбдірахманов.
Жігіт әдепсіз қылығы үшін халықтан кешірім сұрады.