Алматыдағы Ғылым ордасында көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтің жеке қолжазбалары мен кітаптарынан тұратын арнайы көрме өтті.
Өткен жылы ашылған ғылым ордасы Ғалымдар үйі мен Орталық ғылыми кітапхананың бірігуі негізінде құрылған. Негізгі жұмысының бағыты – ғылыми-зерттеу, ғылыми білім, мұражай, кітапхана және мұрағат қызметтерін жүзеге асыру.
Аталған көрмеге белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар мен студент жастар қатысты. Сирек кездесетін кітаптар мұражайы мен Орталық ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен өткен бұл көрме Димекеннің 100 жылдығына арналып отырған мәдени шаралардың бір парасы саналады.
Көрмеге қайраткердің 130-дан астам еңбектері қойылды. Оның ішінде Дінмұхамед Ахметұлының Кеңес Одағы Коммунистік партиясының XXVI съезіндегі баяндамасын кездестіруге болады. Ұзақ жылдар бойы сақталған түсті металл өндіру саласындағы еңбектері осы көрмеде алғаш рет қойылды. Сонымен қатар, көрмеге ақын-жазушылар Д.Қонаевқа сыйға тартқан әдеби кітаптар да назарға ұсынылды. Көрменің соңы «Дінмұхамед Қонаев және оның Қазақстан ғылымындағы орны» деген тақырыпта отырыс өтті. Сондай-ақ көрме қонақтарына «Ұлы тұлғалар» сериясы бойынша жарық көрген «Дара. Дана. Тұлға» кітабы мен библиографиялық көрсеткіші таныстырылды.
Қолжазбалар көрмесі
Последние статьи автора