Қоғамдық саясат институты телефон арқылы сауалнама жүргізді

Респонденттердің 82,4% - ы Президент Қ. Тоқаевтың саяси бастамаларын қолдайды

Қоғамдық саясат институты 2022 жылғы 7 қыркүйекте телефон арқылы сауалнама жүргізді. Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың қала және ауыл тұрғындары арасында 18 жастан асқан 2394 респонденттен сауалнама алынды.

Зерттеу нәтижелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген саяси бастамаларды халықтың оң қабылдағанын көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің өкілеттік мерзімінің саны мен ұзақтығын қайта қарауды ұсынған болатын. Атап айтқанда, Президенттің мандатын екінші рет қайта сайлану құқығынсыз 7 жылға созылатын тек бір мерзіммен шектеу туралы бастама көтерілді.

Сұралғандардың басым көпшілігі (82,4%) бұл саяси жаңашылдықты  қолдайды.

Бұл бастаманы қолдайтындар негізінен мынадай дәлел келтіреді:

- 7 жыл ішінде кез-келген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға болады  (61,7%);

- 7 жыл ішінде биліктің барлық құрылымдарын монополиялап алу  мүмкін емес   (14,9%).

Сондай-ақ,  әрбір 5-ші респондент үшін (19,5%) ең басты мәселе - Президенттің тек бір рет қана сайланатыны.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста