«Қиял әлемі» өртеніп кетті

Алматының орталығында орналасқан ойын-сауық саябағы отқа оранды. Қоймалар мен ойын автоматтары өртеніп кетті. Өрттің неден болғаны белгісіз.
Абай даңғылының бойында ор­на­лас­қан «Айя» қиял әлемі» саябағында өрт шықты. Қою қара түтін кеше таңер­тең қала орталығының сәнін кетірді. «Тілсіз жаудың хабары таңғы сағат 06.30 шамасында келіп түсті» деп хабар­лайды Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Сағат 06.35-те өрт сөндіру қызметінің бірінші жасағы аттан­ды­ры­лып, өрт сағат 08.10-да оқшауланды. Өрттің қанша ауқымды шарпығаны бірден белгілі болмады. Мамандардың тұспалына қарағанда, шамамен 3 мың шаршы метрді өрт шалған болуы ық­ти­мал. Ойын-сауық саябағының дәрі­гер­лік жәрдем беру орны, ойын авто­маттары мен бірнеше қоймасы да жанып кеткен. «Өртті сөндіруге 16 тех­ни­ка мен 65 адам жұмылдырылды. Өрт сөндіруші қызметкерлер тілсіз жау­мен 3-4 сағат көлемінде арпа­лыс­қан. Жарақат алып, қаза тапқандар жоқ»  дейді төтенше жағдайлар де­пар­­таментінің баспасөз қызметі. Оқи­ғаның себебі анықталып жатыр. «Айя» қиял әлемі» – Алматыдағы кісі көп ке­ле­тін ірі ойын-сауық саябағы. Қазір ол бірнеше тәулікке уақытша жа­был­ды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста